RussianKazakhEnglish (United Kingdom)

2018 жылдың 14 мамырынан бастап студенттердің жазғы оқу тәжірибелеріне бару маусымы басталды. Орыс тілі мен әдебиеті, ОҚБ және Туризм мамандықтарының 1 курс студенттері 2018 жылдың 14-29 мамыры аралығында «ТҰЛПАР» ССЛ-де тәжірибеден өтті.

130620181215 1

Болашақ тарих мұғалімдері 2018 жылдың 04-17 маусымы аралығында Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Кенеткөл ауылында оқу-археологиялық тәжірибеден өтуде.

130620181215 2

 

Мансап орталығы сапарға шығу кестесін құрып, осы кестеге сәйкес тәжірибеден өтушілер мен жетекшілер ұйымдасқан түрде тәжірибе базаларына барады. Студенттердің сапары 2018 жылдың 14 мамырынан 17 маусым аралығына дейін созылады.


Әлеуметтік және жас ерекшелік кафедрасының бірінші курс студенттері аға оқытушы С.С.Мәжитованың жетекшілігімен Зеренді ауданындағы «Парус» демалыс аймағында оқу тәжірибесінен өтті.

Оқу тәжірибесінің мақсаты балалардың сауықтыру лагерлері жағдайларында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу саласында студенттердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру.

Оқу тәжірибесінің негізгі міндеттері:

  • балалардың сауықтыру лагерлері жағдайларында балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының кәсіби-педагогикалық міндеттерін шешу тәсілдерін қалыптастыру
  • балалармен ынтымақтастық орнатып, өзара әрекет жасау қабілетін қалыптастыру
  • балалардың сауықтыру орталықтары жағдайларында балалармен, олардың ата-аналарымен, әріптестермен, жұмыс берушілермен жұмыстың нормативтік-құқықтық негіздері туралы ұғымын қалыптастыру
  • балалар мен жасөспірімдерге арналған білім беру, тәрбие және дамытушы бағдарламаларды әзірлеу қабілетін қалыптастыру және оларды мектептен бос уақыт саласында және балалардың сауықтыру орталықтары жағдайларында ұйымдастыру-тәрбие қызметінде, уақытша балалар ұжымындағы жұмысында іске асыру

Студенттердің тәжірибеден өтуі барысында бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес жұмыс жүргізілді.

1306201812013 1

1306201812013 2

2017-2018 оқу жылындағы 5В011700- қазақ тілі мен әдебиеті, 5В020500-филология мамандықтарының 1 курс студенттері қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Бақтыгүл Қошқарбайқызы Шагирбаеваның жетекшілігімен Бурабай ауданы және Щучинск қаласында 14-26 мамыр аралығында фольклорлық тәжірибеден өтті. Тәжірибе барысында Бурабай ауданы «Мәдениет, Қотыркөл, Жөкей, Абылайхан, Жаңа талап, Қымызынай» ауылдары мен Щучинск қаласындағы «Арман» балалар мен жасөспірімдерге арналған өнер мектебі аясындағы Бағила Батырғалиқызы Қасенованың басқаруындағы тарихи-өлкетану этнографиялық мұражайымен танысып ауыз әдебиетінің мол және құнды мұраларын жинақтады. Сондай-ақ Қазақстан Швецариясы атанған Бурабайға саяхат жасап Абылайхан алаңы мен Кенесары үңгіріне сапар шегілді. Студенттер әсем табиғат аясында ұлттық ойындар ойнап, мақал-мәтелдерді жатқа айтып, жарысты. Топ арасында шеберлік пен шешендіктің анық көріністерін көрсетті.

Жалпы фольклорлық тәжірибенің мазмұны мен мақсаты толықтай ашылды деуге болады. Халықпен тілдестіріп ел мен жер тарихының жаршысы іспетті болды. Қазақтың даласының соққан самалының өзі бір аңызды, бір сыр есетіндігін ұқтырды. Қойнауы сыр тұнған қазақ даласы байлығын аңғартты.


130620181201 1

130620181201 2

130620181201 3

130620181201 4

Қосымша материал

Университет түлектерін жұмыспен қамту мәселелері қосымша ақпаратты таба аласыз .

  • Ақпараттық портал жұмысын
  • Түлектердің жұмысқа орналасуы
  • TEMPUS 2013 UNIWORK

    TEMPUS 2013 UNIWORK Жоба туралы қосымша ақпарат алу үшін