Бүгінгі күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті - лайықты дәстүрлері мен болашаққа елеулі жоспарлары бар заманауи, белсенді дамып келе жатқан жоғары оқу орны.
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ - Солтүстік Қазақстан облысындағы ең беделді мамандықтар бойынша мамандар дайындайтын білім және ғылымның жетекші орталықтарының бірі болып табылады.