Skip to main content
x

Академиялық ұтқырлық

Академическая мобильностьАкадемиялық ұтқырлық – білім алушылар немесе оқытушылардың   белгілі бір академиялық кезеңінде өзге жоғары оқу орнына, мемлекет ішінде немесе шетелде оқу немесе зерттеулер жүргізу үшін ауысу мүмкіндігі.
Академиялық ұтқырлық – Ш.Уәлиханов атындағы  КМУ-нің басымды бағыттарының бірі. 2011 жылдың тамызынан бастап біздің университетімізде Болон үдерісі және академиялық ұтқырлық бөлімі өз қызметін бастады.
Орталық қызметінің негізгі бағыты – Ш.Уәлиханов атындағы КМУ студенттері мен қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын дамыту, сондай-ақ олардың халықаралық білім беру бағдарламаларын іске асыруға  белсенді қатысуы мен табысты дамытуына көмек көрсету.
Біздің ЖОО-да академиялық ұтқырлық екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: студенттердің қазақстандық әріптес ЖОО-ғы оқуы және шетелдік ЖОО-ғы оқу. Ұтқырлық бағдарламалары әріптес ЖОО арасында жасалған келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылады.  
Академиялық ұтқырлық – студенттерге, магистранттар мен жас ғалымдарға  Қазақстан мен шетелдердің  түрлі қалаларында өмір сүру, білім алу, жұмыс істеу және тағылымдамалардан өтуге, өзге мәдениетті танып-білуге, түрлі қалалар, мемлекеттер мен континенттерден  достар табуға мүмкіндіктер береді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу  біздің студенттер мен магистранттарға шет тілін игеру деңгейін жақсартуға, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдетуге, мемлекетті жақсырақ танып-білуге, қазақстандық және шетелдік құрбыластарымен танысуларына мүмкіндік береді.
Оқу нәтижесінде жинақталған  мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі болашақ кәсіп үшін қажетті болып табылатын өзге мәдениетке деген құрмет, толеранттылық, бастамашылық,  көрегендік және т.б. сияқты қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақстан, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания, Хорватия, Дания, Польша, Латвия, Литва, Түркия, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б. жетекші университеттері Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің халықаралық әріптес университеттері болып табылады.
Егер де Сіздің сапалы білім алғыңыз келсе – Орталық қызметкерлеріне хабарласыңыз. Біз барлық нұсқаларды қарастырамыз және Сіз үшін барынша тиімдісін ұсынамыз.
Академиялық ұтқырлыққа қатысты бар мәселелер бойынша Көкшетау қаласы, Абай көщесі, 76 мекен-жайында орналасқан  Ш.Уәлиханов атындағы КМУ бас оқу ғимаратының 704 кабинетіне келуіңізді сұраймыз.
e-mail: koksuprojects@mail.ru

 

2.png

ТУРОВСКАЯ ЕКАТЕРИНА ИВАНОВНА

Халықаралық Ынтымақтастық Бөлімінің Жетекшісі

 

Toktarova.jpg

ТОКТАРОВА АЙНУР БАУРЖАНОВНА

Халықаралық Байланасы Бөлімінің Менеджері

Білімі

  • 2009-2013 гг. – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, мамандығы «Биология» (бакалавр)
  • 2017-2018 гг. - Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, мамандығы «Биология» (магистр)

Кәсіби тәжірибесі:

  • 01.09.2017-29.08.2018 гг. –№ 19 Орта мектебі, биология мұғалімі, лаборант

06.09.2018 г.- бүгінгі күнгі дейін- Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Халықаралық Байланасы Бөлімінің Менеджері

Ғылыми басылымдар

Биология сабағында инновациялық технология

Ғылыми еңбектері

Инновациялық технологияларды дамыту, оқушылардың танымдық қызығушылығын биология сабағында.

Idayatova.jpg

ИДАЯТОВА АЯЖАН СЕРИКОВНА

Халықаралық Байланасы Бөлімінің Менеджері Аудармашысы

Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің аудармашысы
Білімі:
2014-2018 ж.ж.- Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау қ.), Филология және педагогика факультеті, "аударма ісі" мамандығы.

iBRAEVA.jpg

ИБРАЕВА ЗЕЙНЕШ НУРЛАНОВНА

Халықаралық Байланасы Бөлімінің Менеджері

Білімі:

2014-2017 жж., Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, «Шет тілі: екі шет тілі»

Кәсіби тәжірибесі:

28.08.2017 – 20.12.2018 - №19 орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі

Ғылыми еңбектері:

Оқушылардың оқу сапасын жақсарту үшін ағылшын тілінде инновациялық технологияларды қолдану ».