Skip to main content
x

Бакалавриат

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де үздіксіздік пен сабақтастық қағидасы негізінде ҰБШ, СБШ, Дублиндік дескрипторларға, кәсіптік стандарттар мен еңбек нарығының талаптарына сәйкес Еуропалық білім беру бағдарламаларының үлгісін тиімді енгізу мақсатында негізгі құзыреттер ескеріліп, бакалавриаттың 45 мамандығы бойынша модульдік білім беру бағдарламалары әзірленуде.

 Университетте 2012 жылдан бастап төмендегі мамандықтар бойынша көптілді білім беру бағдарламалары іске асырылуда:

  • 5В011200 - Химия
  • 5В070100 - Биотехнология
  • 5В011300 - Биология
  • 5В011600 - География
  • 5В060800 - Экология
  • 5В011100 - Информатика
  • 5В010900 - Математика
  • 5В011000 - Физика
  • 5В010200 – Бастауышта оқыту педагогика мен әдістемесі   
  • 5В050900 - Қаржы
  • 5В080100 - Агрономия


2017 жылдан бастап төмендегі мамандықтар ағылшын тілінде оқытылады:    

  • 5В011200 - Химия
  • 5В011300 - Биология
  • 5В011100 - Информатика
  • 5В011000 - Физика


Көптілді білім беру бағдарламасы мазмұнының 50% оқыту тілінде оқылатын пәндерден,  30% - ағылшын тіліндегі пәндерден және 20%  - екінші (қазақ/орыс) тілдерінде құрылған.
Университетте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар тұлғалар үшін жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқу үдерісі ұйымдастырылады. Бұл жағдайда білім беру бағдарламасының көлемі мен сабақтастығы жеткілікті болған жағдайда кредиттерді қайта есептеу және бұрын игерген пәндерді    есепке алу жүзеге асырылады. Оқу мерзімі 2-3 жыл. Жоғары білім негізіндегі білім беру бағдарламаларында тек кәсіби дайындық көзделеді және оларға негізгі және бейінді пәндер тптамасы енеді.

Білім беру бағдарламаларының тізбесі:


Элективті пәндер каталогы: