Skip to main content
x

Бос орындар жәрмеңкесі

 Бос  жұмыс орындары жәрмеңкесі - 2017г.


2017 жылдың 28 сәуірінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратының бірінші қабатында 2017 жылдың түлектеріне арналған Бос  жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Біздің университет заманауи еңбек нарығының талабына, Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму міндеттеріне сай сапалы білім беруге ұмтылады.
Еңбек нарығының мамандарға деген қажеттілігін айқындау үшін, жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен байланыс орнатып,  түлектердің жұмысқа орналасуына көмек көрсету мақсатында Университет қабырғасында жыл сайын бос  жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіледі.
Жұмыс берушілер ретінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мемлекеттік мекемелері, түрлі кәсіпорындар мен ұйымдар шақырылды. 2017 жылы университетті  шамамен 540 түлек   41 мамандық бойынша аяқтайды. Олардың ішінде – 163 түлек  педагогикалық мамандықтар бойынша (31-і көп тілде білім беру даярлығы бойынша).
Іс-шараны Ш.Уәлиханов атындағы КМУ ректоры Әбжаппаров Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы ашып, Жәрмеңкеге қатысушыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі.
Жәрмеңке жұмысына қатысқандар: Гамазов Валерий Георгиевич - Ақмола облысының білім басқармасы жетекшісінің орынбасары.  Балбергенов Еркебұлан Ерболсынұлы -  «Нұр отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі.  Жамалиев Абай Уәлиханұлы – «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» жастар тәжірибесі жөніндегі маманы.
Олар түлектерге арналған құттықтау сөздерін  айтып, тәжірибелерімен бөлісті және оқуын аяқтап отырған студенттердің жақсы маман болатындарына деген сенімдерін білдірді. Оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Жақыпова Айгүл Досжанқызы  сөз сөйлеп, алынған өтінімдер мен өңірдегі кадрларға деген қажеттіліктер бойынша статистикалық деректерді келтірді, сондай-ақ жұмыс берушілерді 2017 жылғы түлектер жөніндегі хабардар етті.  
Білім беру мекемелерінің қызметкерлері аудитория алдында сөз сөйлеп, өз мектептері  туралы мәлімет берді. Іс-шарада жүзден астам жұмыс беруші тіркелді, олар студенттермен әңгімелесіп, түлектердің түйіндемелерін алды. Университет әкімшілігі Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысушыларға ризашылығы мен алғысын білдірді.