Skip to main content
x

Foundation бағдарламасы

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІ

1.jpg

Бөлім меңгерушісі

Идрисов Рашид Ашкенович

Гуманитарлы ғылымдар магистрі

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі – Жұма
                                      9.00 – 13.00
                                     14.00 – 18.00

Тел: 8 (7162) 32 82 94, 8 7476906919
Кабинет №108, №5 оқу корпусы
С.Садвакасов атындағы АЭИ
e-mail:  Tarikhirashidi71@mail.ru
kgu_podgotovitelnoe@mail.ru

1.jpg

Бөлімнің әдіскері

Конуспаева Айнур Тлеухановна

Тел: 8 (7162) 32 82 94, 8 705 296 21 21
Кабинет №112, №5 оқу корпусы
С.Садвакасов атындағы АЭИ
e-mail: ainur.konuspaeva@mail.ru,
kgu_podgotovitelnoe@mail.ru

 

1.jpg

Бөлімнің әдіскері

Сыздыковна Маншук Калихановна

Тел: 8 (7162) 32-73-12, +77752446543
Кабинет №112, №5 оқу корпусы
С.Садвакасов атындағы АЭИ
angelo4ek_kmk_92@mail.ru
kgu_podgotovitelnoe@mail.ru

 

Әдіскерлердің жұмыс кестесі:

Дүйсенбі – Жұма  9.00 – 13.00
                                14.00 – 17.00
Сенбі                      9.00 – 14.00

Оқытушылар бөлмесі  - №106

Біздің реквизиттер:
020000 Ақмола облысы,  Кокшетау қаласы, Куанышева көшесі 170;
ШЖҚ  РМК «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті»,  РНН 361800022370; е/ш  KZ61998JTB0000118553, , БИК  TSESКZKA, филиал АҚ  «Цеснабанк»,  КНП 861

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің мақсаты: тыңдаушылардың болашақта мамандығы бойынша кәсіби білім бағдарламаларын меңгеруге қажетті білім, дағды және іскерлік деңгейлерін қамтамасыз ету.

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің міндеттері:

  • шетелдік қазақ диаспорасы өкілдерінің (ҚР азаматтары болып табымайтын ұлты қазақ адамдардың) Қазақстан Республикасының жоғары және орта кәсіптік оқу орындарына түсуі үшін, жалпы білім беру пәндері бойынша дайындық деңгейін арттыру және жағдай жасау;
  • ары қарай мамандық бойынша үш тілде оқыту үшін ҚР азаматтарының тілдік дайындық деңгейін арттыру (казақ, орыс, ағылшын);
  • оқыту – тәрбие жұмысын ұйымдастыру Қазақстан халқының тарихы және мәдениетімен, университеттің ішкі тәртібімен, шетел азаматтарының ҚР-да болу ережелерімен, басқа да заң актілерімен, тыңдаушыларға қатысты құқықтары және міндеттерімен таныстыру.

Мұнда тыңдаушыларға емтихандарды сәтті тапсырып, тек қана Көкшетау қаласының емес, сонымен қатар ҚР жоғары оқу орындарында бәсекеге қабілетті талапкер болуына көмектесу үшін барлық жағдай жасалған:

  • ТКТ (ҰБТ) –ге дайындауда көпжылдық тиімді жұмыс тәжірибелері және ерекше ғылыми – әдістемелік әзірлеулері бар оқытушылар. Жұмысқа біздің университет пен қала мектептерінің  үздік оқытушылары тартылған;
  • тыңдаушылардың бағдарламалық материалды игеруінің мониторингін жасауға мүмкіндік беретін, білімді бақылаудың тиімді жүйесі;
  • тыңдаушыға өзін – өзі танып, болашақ мамандығын саналы таңдауға көмектесетін профтестілеу  және психологтың кеңесі;
  • КМУ-нің факультеттерімен танысу мүмкіндігін беретін кәсіптік бағыт беру;
  • оқу үдерісінде қазіргі заманғы демонстрациялық материалдарды қолдану;
  • ҰБТ мен ТКТ –ге дайындау бойынша жаңа бағдарламалармен және мультимедиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген компьютерлік класстар.

Дайындық бөлімі тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты есебінен оқудың төлемақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады. Тегін курстар ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтарға және ағылшын тілін тереңдете оқыта отырып «Білім» бағытының келесі: биология, информатика, физика және химия мамандықтарына түсетін талапкерлерге арналған.

ОҚУҒА ТҮСУ ТӘРТІБІ

Жоғары оқу орнына дейінгі оқыту бөліміне түсу үшін талапкерлер кешенді тест тапсырады.
Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер Ш.Уәлиханов атындағы КМУ –нің қабылдау комиссиясында 1 тамыздан 5 қыркүйекке дейін қабылданады.
 Қабылдау комиссиясына талапкерлер өтінішпен бірге келесі құжаттарды ұсынады:
1)    орта (жалпы орта), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (орта білімнен кейінгі) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы және оған қосымша; қазақ диаспорасы өкілдері қосымша мемлекеттік және/немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған (немесе Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінде куәландырылған) аудармасын;
2)    жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3)    3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
4)    086-У нысанындағы медициналық анықтама.

Кешенді тестілеу 10– 15 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Кешенді тестілеуге келген азамат жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

Қазақ диаспорасы өкілдеріне  кешенді тестілеу екі пән бойынша өткізіледі:математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы (оқу тілі). Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 20. Әрбір дұрыс жауап 1 балмен бағаланады. Кешенді тестілеудің ұзақтығы – 1 сағат 20 минут.
Тілдік дайындыққа оқуға қабылдау үшін ҚР азаматтарына кешенді тестілеу екі пән бойынша: «Ағылшын тілі» және бағыты бойынша пәннен өткізіледі(биология, физика, химия).
Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 30. 20 тапсырма ұсынылған 5 жауаптан 1 дұрыс жауап, 10 тапсырма ұсынылған жауаптан бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар. Кешенді тестілеудің ұзақтығы – 2 сағат.
Егер талапкерлердің баллдары тең болса, аттестаттың орта балы жоғары талапкер қабылданады.  
Қабылдау емтихандарының нәтижесі емтихан өткізілген күні жарияланады. Кешенді тестілеуді қайта тапсыруға жол берілмейді.  Тестілеу нәтижесімен келіспеген азамат аппеляциялық комиссияға өтініш береді.
Дайындық бөлімдерің тыңдаушылары қатарына қабылдауды, қабылдау комиссиясы 25-28 қыркүйек аралығында өткізеді.
Оқу күндізгі оқу нысан бойынша  жүзеге асырылады. Оқыту мерзімі 9 ай (қазан-маусым).
Оқуды аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға дайындық бөлімін аяқтауы туралы анықтама беріледі.
Тыңдаушыларды оқу мерзімі бойында оқудан шығару жағдайлары:

1)    тыңдаушының өз еркімен оқудан шығуы туралы өтініші;
2)    ЖОО-ның ішкі тәртіп Ережелерін бұзу.

 

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінде оқыту екі бағытта жүргізіледі

 

  •  шетелдік қазақ диаспорасы өкілдерін (ҚР азаматтары болып табымайтын ұлты қазақ адамдардың) жоғары оқу орындарына түсуі үшін жалпы білім беру пәндері бойынша дайындық деңгейін арттыру
  • ары қарай мамандық бойынша үш тілде оқыту үшін ҚР азаматтарының тілдік дайындық деңгейін арттыру (казақ, орыс, ағылшын)
Міндетті пәндер
Оқу сауаттылығы Казақ (орыс) тілі
Математикалық сауаттылық Математика
Қазақстан Тарихы Ағылшын тілі
Бейіндік пәндер комбинациясы (таңдау бойынша)
Биология + химия Білім:
Биология + география Физика+ математика
География + математика Биология + химия
География + шет тілі Информатика +физика
Химия + биология Қазақстан тарихы
Химия + физика  
Тарих + Адам.Қоғам.Құқық  
Тарих + география  
Оқыту тілі мен әдебиет + Тарих  
Шығармашылық емтихан +Шығармашылық  
Шет тілі  + Тарих  
Математика + Физика  
Математика + география  
Оқытудың қосымша түрлері
Орыс тілі Кәсіби бағытталған ағылшын тілі
Дене шынықтыру  

 

Сабақтан тыс жұмыс
Жоғары оқу орнына дейінгі оқыту бөлімінің оқытушылары тыңдаушылармен сабақтан тыс көп жұмыс өткізеді: Көкшетау қаласы бойынша экскурсиялар, музейлер мен театрларға бару, КМУ –нің факультетаралық шараларына қатысу. Әртүрлі мемлекеттерден келген тыңдаушыларының біріккен оқу және сабақтан тыс жұмыстары, бөлім тыңдаушыларының университет студенттерімен араласуы достық қарым – қатынастардың қалыптасуына көмектеседі, психологиялық және мәдени бейімделуге ықпал етеді.

040520181642_1.jpg

040520181642_1.jpg

040520181642_1.jpg

040520181642_1.jpg

040520181642_1.jpg