Skip to main content
x

Ғылыми-техникалық кеңес

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ ғылыми-техникалық кеңесі университеттің құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновациялық жобаларды жоспарлау, ұйымдастыру, орындау және іске асыру мәселелерін үйлестіретін алқалық орган болып табылады. ҒТК өз қызметінде ҚР «Білім туралы», «Ғылым туралы» заңдарын, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ өзге де нормативтік-құқықтық құжаттарын басшылыққа алады.
Ғылыми-техникалық кеңес құрамы:
·    Төраға: Жарқынбеков Темірхан Ниязұлы– г.-м.ғ.к., ҚР Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының мүшесі, Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, Ш.Уәлиханов аындағы КМУ бірінші проректоры
·    Төраға орынбасары: Шапауов Әліби Қабыкенұлы – ф.ғ.к.,  профессор, ғылым және коммерциялау қызметінің жетекшісі.
·    Хатшы: Мусина Гүлім Қайырлықызы  – техника ғылымдарының магистрі,  ғылым және коммерциялау қызметінің ғылыми қызметкері.
ҒТК мүшелері:
1.    Әбуев Қадыржан Қабиденұлы – т.ғ.к., профессор, өңірді зерттеу ғылыми институтының директоры;
2.    Маликов Тұрсынбек Сабырұлы  – п.ғ.д., физика, математика және ОӘ  кафедрасының профессоры;
3.    Қожабаев Қайыржан Ғабдоллаұлы – п.ғ.д., физика, математика және ОӘ  кафедрасының профессоры;
4.    Жахина Бәрия Бадыққызы – п.ғ.д.,  қазақ филологиясы кафедрасының профессоры;
5.    Байшағыров Хайролла Жамбайұлы – т.ғ.д., ак. профессор, энергия тиімді және энергия үнемдеуші технологиялар зертханасының жетекшісі;
6.    Амренова Раушан Сақтиярқызы – ф.ғ.к., доцент, филология -педагогика  факультетінің деканы;
7.    Абдуллаев Кенже Қожахметұлы – а.-ш.ғ.д., профессор,  ҚР АШҒА академигі;
8.    Стукаленко Нина Михайловна – п.ғ.д.,  педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры;
9.    Көшпаева Алмагүл Бүркітбайқызы -  т.ғ.к., жалпы тарих және философия кафедрасының доценті;
10.    Анищенко Ольга Александровна ф.ғ.к., орыс филологиясы және кітапхана ісі кафедрасы профессорының м.а.;
11.    Хан Сергей Иннокентьевич – к.т.н., доцент, заведующий кафедрой информационных систем и вычислительной техники;
12.    Қақабаев Әнуарбек Аязбайұлы – б.ғ.к., доценттің м.а., халықаралық ынтымақтастық, академиялық ұтқырлық және көптілділік орталығының жетекшісі;
13.    Сейілханов Төлеген Мұратұлы –х.ғ.к., доцент, ЯМР-спектроскопия зертханасының жетекшісі;
14.    Балтабаев Мұрат Ерғалиұлы – х.ғ.к., (PhD) доцент, агроинновациялар ғылыми зертханасының жетекшісі;
15.    Есжанов Ғалихан Сердәліұлы – т.ғ.к., доцент, инженерлік технологиялар және көлік кафедрасының меңгерушісі;
16.    Хаймулдинова Алтынгүл Құмашқызы – т.ғ.к., инженерлік технологиялар және көлік кафедрасы доцентінің м.а.;
17.    Сыздықова Гүлсім Ташкенқызы – а.-ш.ғ.к., өсімдік шаруашылығы және топырақтану кафедрасының доценті;
18.    Фахруденова Идия Булатовна – б.ғ.к., доцент, география, экология және туризм кафедрасының меңгерушісі;

19.    Ғылыми-техникалық кеңестің негізгі міндеттері:
1.    Университеттің ғылыми қызметінің тиімділігін арттыру;
2.    Ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ТКЖ) арналған тақырыптарды іріктеу және келешек жоспарлау сапасын арттыру;  
3.    Жоғары оқу орны ғылымын өндіріс, инновациялық қызметпен бірге дамыту, жоғары білікті мамандар даярлау, университеттің ғылыми әлеуетін тиімді пайдалану міндеттерін шешуге арналған ҒЗЖ бағытын үйлестіру және өзектендіру.
Ғылыми-техникалық кеңестің негізгі қызметтері:
1.    Келісімшарттық ҒЗЖ мен ТКЖ келешекке арналған жоспары туралы мәселелерді қарастыру, оларды жоспарлар мен ғылыми-техникалық бағдарламаларға енгізу туралы ұсыныстар, өзге ғылыми ұйымдар және мекемелермен өзара іс-әрекет мәселелерін үйлестіру;
2.    ЖОО-ның ғылыми бағытын, оларды үйлестіру жоспарлары мен ғылыми-техникалық бағдарламаларға енгізуге арналған ұсыныстарды есепке ала отырып, ҒЗЖ мембюджеттік бес жылдық жоспарлардың жобаларын қарастыру, өзге ғылыми мекемелермен және ұйымдармен орындалатын бірлескен жұмыстардың тақырыптарын үйлестіру, мембюджеттік тақырыптар бойынша орындалатын ҒЗЖ жылдық жоспарларын университет ректорына бекітуге шығару;
3.    Ғылыми-техникалық өнімді құруға (тапсыруға) арналған шарттар бойынша орындалатын ҒЗЖ мен ТКЖ жылдық және тақырыптық жоспарларын университет ректорына бекітуге шығару; талдау негізінде ғылыми зерттеулерді одан әрі дамыту және оларды тәжірибеге енгізу келешегі мен жолдарын айқындау;
4.    ЖОО ішіндегі конкурсқа ұсынылатын бастамашылық ҒЗЖ мен ТКЖ бағдарламаларын қарастыру және оларды өңірлік, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысу үшін ұсыну;
5.    Институт директорының, факультет декандарының, жетекшілердің ғылыми, өндірістік және қаржылық қызмет нәтижелері туралы есептерін, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің ҒЖЗ туралы жылдық есептерін, сондай-ақ жобалар бойынша есептерді тыңдау;
6.    Ғылыми-зерттеу зертханалары мен кафедралардың ғылыми қызмет саласындағы жұмысын тыңдау және бағалау, ғылыми әлеуетті дайындау және пайдалану тиімділігі, мемлекеттік-бюджеттік тақырыптар бойынша кафедра қызметкерлеріне материалдық көтермелеу қаражаттары есебінен сыйақы беру;
7.    СҒЗЖ  және ғылыми әзірленімдерді оқу үдерісінде пайдалану, студенттерді ҒЗЖ-на тарту мәселелерін қарастыру. ҒЖТКЖ аясында орындалатын диплом жұмыстары, магистрлік диссертациялардың тақырыптарын келісу;
8.    Кафедра қызметкерлері мен студенттер қатарынан ғылыми кадрларды магистратура мен докторантура арқылы даярлау жоспарын талқылау, университеттің Ғылыми Кеңесіне үміткерлерді ұсыну, қызметкерлердің ғылыми біліктілігін тағылымдамалар арқылы арттыру мәселелерін қарастыру;
9.    Ғылыми Кеңеске аяқталған зерттеулерге сыйақы алу ұсыныстарын енгізу; Университеттің Ғылыми Кеңесіне дайындау

·    ғылыми конкурстарға қатысу үшін, сондай-ақ жас ғалым Грантын алу үшін кандидатуралар туралы;
·    университеттің бюджеттен тыс қаражаттары есебінен  қаржыландырылатын ғылыми жобалары туралы;
·    халықаралық және республикалық конкурстарға арналған конкурстық негізде қаржыландырылатын  жобалар туралы ұсыныстар дайындау.
     10. Ғылыми  бағыттар, ғылыми және инновациялық бағдарламалар мен жобалар, ғылыми-зерттеу жұмыстары, монографиялар, ғылыми мақалалардың жинақтарын сараптау және  бағалау.