Skip to main content
x

Қысқаша ақпарат

        Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті  -  өзінің қалыптасқан салт-дәстүрлері бар,  әлеуеті зор және болашаққа деген маңызды жоспарлары бар заманауи, қарқынды дамушы жоғары оқу орны.

        Университеттің көп деңгейлі құрылымына бакалавриат (65 мамандық), магистратура (30 мамандық), РһD докторантура (6 мамандық) енеді. 2018 жылы университет жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы бакалавриаттың 13 мамандығы, сондай-ақ «Жалпы медицина» мамандығы бойынша лицензия алды.

       Бүгінде университетте 6 мыңнан астам студент, 271 магистрант және 33 докторант білім алуда. «Серпін» бағдарламасы бойынша 1370 студент оқып жатыр. Университетте 10 мамандық бойынша кадрлар даярлығын жүзеге асыратын Көпсалалы колледж жұмыс істейді. Колледж контингенті 505 адамды құрайды.

       Біздің университетте Солтүстік Қазақстанда алғашқы рет жалпы медицина факультеті ашылды. Бүгінде медицина факультетінде клиникалық пәндер кафедрасы мен морфология, физиология және жалпы патология кафедрасы жұмыс істейді. 2018-2019 оқу жылындағы қабылдау 172 бакалаврды құрады, оның 12 ҚР БҒМ грантының иегері, 50 адам – Ақмола облысы әкімі грантының, 12 адам – аудан әкімдері грантының, 1 адам – Қостанай облысы әкімі грантының иегері, 12 адам интернатураға түсті. Медицина факультетінде білім алу үшін Үндістанның 41 студенті келді.

       Мамандар даярлаудың жоғары деңгейі Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігімен (АРТА) расталды. Бүгінгі таңда бакалавриат пен магистратураның 60 білім беру бағдарламасы, оның ішінде «Аграрлық техника және технология», «Агрономия», «Топырақтану және агрохимия», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» сияқты ауыл шаруашылығы бағыттағы  білім беру бағдарламалары аккредиттеуден өтті. Алты білім беру бағдарламасы (Шет тілі: екі тілі  (бак./маг.), Химия (бак./маг.), Агрономия (бак./маг.)) халықаралық аккредиттеуден (Германия) өтті.

       Университеттің оқытушы-профессор құрамында 410 оқытушы, оның 20 – ғылымдар докторы, 13 - Phd докторы, 92 - ғылымдар кандидаты, 214 магистрант. Қазақстан ЖОО-ның мақсатты PhD-докторантурада 24 адам білім алуда. 35 оқытушы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды.

       Қазақстанның ең көп жарияланатын ТОП-на ЯМР-спектроскопия зертханасының жетекшісі Сейілханов Төлеген Мұратұлы енді. Профессор Хұсайынов Әбілжан Тоқанұлы «Ғылым дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Профессор Әбуев Қадіржан Қабиденұлы   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ғылыми жобаларды жүзеге асыру бойынша ғалымдар тобын басқарады.

       Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетнің мәртебесі  ғылымның түрлі салаларындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді жоспарлайды. Университетпен 17 гранттық ғылыми жоба, МЖМС шеңберінде 2 жоба, 4 халықаралық ғылыми жоба іске асырылды. 13 ғылыми жобаның жүзеге асырылуы жалғасуда. Университет оқытушыларының қолданысында 83 өнертабыс, нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда 48 мақала жарияланды, 13 оқытушыда Хирш индексі бар.

       Университет Эразмус+ бағдарламасы бойынша «Жоғары білім берудегі әлеуетті арттыру»: EduEnvi «Ресей мен Қазақстанның ЖОО-да тұрақты қалдықтарды басқару қузыреттілігін арттыру» (үйлестіруші: Тампере қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия); LМРІ «Кәсіпорындардағы компьтерлік желілерді әзірлеу, әкімшіліктендіру, басқаруға және қорғауға арналған бакалавриат пен кәсіби магистратура» (Телематика халықаралық университеті Uninettuno, Италия); PAWER «Өңіраралық ұтқырлық пен сәйкестік, сапа және қолжетімділік теңдігіне жол аша отыра» (Университет Л’Аквила, Италия); NICOPA «Нақты жер шаруашылығына арналған жаңа және инновациялық бағыт»;  KUTEL «Қазақстандық университеттер кеңейтілген оқыту технологияларындағы сапаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» жобалады жүзеге асыруда.

       Университет іске асырылып жатқан еуропалық жобалар саны бойынша Қазақстанның ЖОО арасында төртінші орында.

       ЖОО халықаралық ынтымақстастық дамытуды белсенді қолдайды. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ 18 мемлекеттің 68 жетекші ғылыми орталықтарымен тығыз байланыста. Университетте «Қазақстан Республикасының ЖОО-на шетел мамандарды тарту» бағдарламасы бойынша студенттер мен магистранттарға дәріс оқу үшін шетел маамандары шақырылады. 2017 жылы «ЖОО топ-менеджментіне шетел мамандарын тарту» бағдарламасы бойынша стратегиялық даму жөніндегі проректор және ғылым, инновациялар және коммерциализациялау жөніндегі проректор ретінде Қасиетті К.Охридский атындағы Университеттен (Болгария) Кривирадева Б.И. және Рейдинг Университетінің  (Ұлыбритания) Дэвид Фусчи мамандары жұмыс істеді.

        Академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында университет студенттері бір академиялық кезең бойы Қазақстанның жетекші орындарында оқиды. Басқа қазақстандық ЖОО студенттері біздің университетте оқи алады. Университеттің студенттері мен оқытушылары Эразмус», «ЭразмусМундус», «ДААД», «ЛОГО» және т.б. халықаралық алмасу бағдарламалары аясында жақын және алыс шетелдерде окиды және тағылымдамадан өтеді.

        Университет студенттері түрлі республикалық ғылыми конкурстарға және пәндік олимпиадаларға қатысады. Мысалы, СҒЗЖ республикалық конкурсының нәтижесі бойынша 23 студент жеңімпаз атанды. Республикалық пәндік олимпиада нәтижелері бойынша 69 команда жүлделі орындарға ие болды.

        Университеттегі тәрбие жұмысы біртұтас және жан-жақты кешен қызметі түрінде. ЖОО-да Жастар ісі жөніндегі комитет, «Жас Отан» ЖҚ, Қазақстан студентерінің Альянсы штабы, «Жылы жүрек» қамқорлық клубы, «Жасыл Ел» жасағы, факультеттер мен жатақханалардың студенттік кеңестері, «Думан» педагогикалық жасағы, мүдделер бойынша клубтар және т.б. студенттер ұйымдары жұмыс істеп, белсенді дамып келеді. Университет студенттері облыстық, республикалық және халықаралық турнирлер, Ақмола облысы әкімінің жүлдесіне студенттік спартакиадалар, саналуан  спорт түрлері бойынша өткізілетін универсиадалар, әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарының көпмәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

      Ш.Уәлиханов атындағы КМУ кітапханасында ғылыми және оқу-әдістемелік басылымдардың 700 мыңнан астам бірлігі бар. Университетте өзінің баспаханасы бар. Ай сайын университеттік «Алау» газетасы, жылына екі рет «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Жаршысы» ғылыми журналының электронды нұсқасы шығады.

     Университеттің материалдық-техникалық базасы жылдан жылға жаңартылып, нығая түсуде. Тек соңғы 3 жыл ішінде заманауи жоғары технологиялық құрал-саймандармен жабдықталған 40 оқу зертханасы мен мамандандырылған кабинет, «Бизнес-инкубатор» кәсіпкерлік клубы ашылды. Қазіргі уақытта университет құрамында 4 оқу ғимараты, 8 оқу залы, 5 интернет-кафе, 3 мұражай, 29 компьютерлік сынып,  28 мультимедиялық сынып, Ғалымдар үйі, 2 Студенттер үйі, 3 жатақхана, студенттік тамақтану орталығы, «Элит» оқу-ғылыми-өндірістік кешені, монша мен кір жуу комбинаты  бар.

     Университет студенттер мен қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуына үлкен мән береді. Университетте медициналық пункт, «Арасан» профилакторийі жұмыс істейді. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің заманауи спорт базасы бар, оның құрамында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, жаттығу залдары, баскетбол, волейбол, күрес залдары, көркем гимнастика залы, 2 спортзал, Зеренді демалыс аймағының орманды алқабында орналасқан «Тұлпар» спорт-сауықтыру лагері. Дене шынықтыру-сауықтыру бағыттындағы спорт секциялары мен топтары жұмыс істейді. Қызметкерлерге арналған 18 ведомстволық пәтер бар. Шетелдерден шақырылған мамандарға арналған Ғалымдар үйі ашылды. Пайдалануға 310 орындық студенттер жатақханасы берілді.

      2015 жылы университет Еуропалық Қауымдастыққа және Еуразиялық университеттер Қауымдастығына енді.      

      2016 жылы университете Байқау кеңесі құрылды.

     Қазақстан жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясымен өткізілген «Қазақстан 2050 – Инновациялар және академиялық артықшылық бойынша Ұлттық рейтингісі» атты жоғары оқу орындарының 2018 жылғы институционалдық рейтингісінің нәтижелері бойынша Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ҚР көпбейінді жоғары оқу орындары арасында 12 орынға ие болды. Білім беру бағдарламалары рейтингісінің қорытындылары бойынша университеттің 2 мамандығы жетекші орынды иемденді (5В070700 – Тау-кені ісі – 2 орын, 5В070100 - Биотехнология – 4 орын).

     Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агентігі 2018 жылы өткізген Қазақстан Республикасының ЖОО қажет етілуінің Ұлттық рейтингісі нәтижесі бойынша бакалавриат пен магистратураның 5 мамандығы жетекші орынға шықты (2 орын - 5В080100 – Агрономия, 5В091200 – Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі, 6М011600 – География, 6М080600 – Аграрлық техника және технологиялар; 3 орын - 6М060600 – Химия).

     Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агентігі өткізген ҚР ЖОО-ның ТОП-20 бас рейтингісінде университет 14 орынға ие болды.

     «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы рейтингісінің нәтижелері бойынша университеттің 4 мамандығы жетекші орынды иемденді (1орын - 5В080800 – Топырақтану және агрохимия, 5В091200 – Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі, 2 орын – 5В080700 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы, 3 орын – 5В010100 – Мектепке дейінгі оқу мен тәрбие).