Skip to main content
x

 «Географиялық марафон» тақырыбындағы ашық сабақ

      2019 жылғы 14 сәуірде «География, экология және туризм» кафедрасының аға оқытушысы К.П.Қанитаева «Географиялық марафон» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Академиялық доцент, аға оқытушы Қанитаева Карима Паритқызы дәстүрлі географиялық кеш өткізу идеясын жыл сайын жүзеге асырады. «География» және «Туризм» мамандықтарының студентері географиялық пәндер бойынша өз білімдерін көрсетті.

    Материал түрлі формаларда берілді: топтық жұмыс, жұптардағы жұмыс, студенттермен жүргізілген жеке жұмыс, жобалар, пікірталас әдістері. Студенттер ашық сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді, берілген тапсырмаларды орындады, оқытушыға және шақырылған қонақтарға қатысты жинақылық, тәртіптілік, жаңа оқу материалына қызығушылық көрсетті.

23042019840_1.jpg

23042019840_1.jpg

23042019840_1.jpg