Skip to main content
x

 

ХI Республикалық студенттік пәндік олимпиада

2019 жылғы 18-19 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттеріне Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Сайысқа Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің командалары да қатысты.

"Аграрлық техника және технология" мамандығының командасы құрамында  Жангалов Даникер, Ашенов Сұңғат, Жақсылық Жансая кафедра меңгерушісі, PhD докторы Н.А. Какабаевтың жетекшілігімен жүлделі II орынды, "Топырақтану және агрохимия" мамандығының студенттері Мендыбаева Маржангүл, Әлімұрат Аяулым, Нуртасбек Ақтолқын а.-ш.ғ.к., доцент З.Д.Саттыбаеваның жетекшілігімен ІІ және ІІІ орындарға, "Агрономия" мамандығының студенттері Абдул-Әди Әбілхайыр, Нұрғали Мадина, Сыдық Асқар а.ш.-ғ.к., доцент Г.Т.Сыздықовтың жетекшілігімен жүлделі ІІІ орынға, "Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технологиясы" мамандығының студенттері Яковенко Наталья, Алтенова Назерке, Калиуллина Аяжан аға оқытушы А.Р.Алпысовтың жетекшілігімен жүлделі III орынға ие болды.

С.Сәдуақасов атындағы Аграрлық-экономикалық институтының ұжымы олимпиаданың барлық қатысушыларын құттықтап, оларға жаңа шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейді!

230420191527_1.jpg

230420191527_1.jpg

230420191527_1.jpg