Skip to main content
x

БОС ЛАУАЗЫМДАР ЖӘРМЕНКЕСІ

        

            Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында оқу бітіруші жас түлектерді жұмыспен қамтып, оларды мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру негізгі талаптардың бірі болып отыр.

           Осыған орай, 2019 жылдың 23 сәуір күні Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің салтанат залында педагогикалық мамандықтар бойынша Бос лауазымдар жәрменкесі өтті.

Жәрменкенің мақсаты – түлектерді жұмыс берушілермен кездестіріп, жас маман иелерінің жұмысқа орналасуына ықпал жасау.

         Ғылыми шараға универсиеттің Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Темірхан Жарқынбеков, Ақмола облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова, Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының Халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Азамат Жанбеталин, сондай-ақ облыстық және қалалық мектеп директорлары мен әдіскерлері қатысты.

         Аталмыш шараны өзінің құттықтау сөзімен ашқан Темірхан Жарқынбеков қатысушыларға сәттілік тіледі.

         Білім ордасының проректоры осы мәселе бойынша университетте жыл басынан бері ауқымды жұмыстар арқарылып жатқанын тілге тиек етті. Ол өз сөзінде жастарға сапалы білім беріп, оқуларын аяқтаған соң, оларды мүмкіндігінше, мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру мәселесінің басты мақсат екендігін ерекше атады.

         Биылғы Бос лауазымдар жәрменкесіне білім ордасының педагогикалық мамандықтар бойынша оқу бітіруші түлектер қатысты.

         Атап айтар болсақ, Филология және педагогика факультетінен – 96, Жаратылыстану ғылымдары факультетінен – 96, Тарих, заңтану, өнер және спорт факультетінен – 39 студент қатысты.

         Алқалы жиын барысында педагогикалық тәжірбие ұйымдастырып, студенттерге жетекшілік жүргізген мектеп директорлары мен мұғалімдерге алғыс хаттар табысталды.

         Бүгінгі шараға 50-ден астам жұмыс беруші ретінде тіркеліп, білім ордасының студенттерімен нақты да қажетті жұмыстар жүргізді.  
         Кездесуге келген жұмыс берушілер университет түлектерімен жеке-жеке кездесіп, олардан түйіндемелер алынды.

Жәрменкеге қатысқан жұмыс берушілер өз ризашылықтарын білдіріп, университет әкімшілігіне алғыстарын айтып тарқасты.

240420191327_1.JPG

240420191327_1.JPG

240420191327_1.JPG

240420191327_1.JPG

240420191327_1.JPG