Skip to main content
x

"Өсімдіктер биологиясы" пәні бойынша ашық сабақ

2019 жылы 26 сәуірде С. Сәдуақасов атындағы Аграрлық-экономикалық институтында "Өсімдік шаруашылығы және топырақтану" кафедрасының оқытушылары PhD докторы С.К.Маханова, Т.Ж. Айдарбекова 5В080100 –"Агрономия" мамандығының АгК-81 тобының студенттеріне "Өсімдік биологиясы" пәні бойынша ашық сабақ өткізді.

Оқыту барысында оқытушылар сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде бірнеше белсенді әдістердің комбинациясын шебер пайдаланды. Тапсырмалардың құрылу түрі тақырыпты зерттеу барысында студенттердің оқу процесіне белсенді қатысуын талап етті.

"Болашақ өсімдігі" тапсырмасы студенттің ойлау белсенділігін талап етті. "Блум түймедағы" тапсырмасы өз жауаптарының көптеген ықтимал нұсқаларынан ең маңыздысын таңдауды талап етті; модификацияланған "Фишбоун" тәсілі студенттердің көрнекі-мазмұнды түрде сыни ойлауын дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, Kahoot сервисі арқылы студенттерден басқаларға ұқсамайтын кері байланыс алу әдісі қолданылды. Студенттер смартфондарын пайдалана отырып тесттерге бейне-мәселелі сұрақтарға үлкен қызығушылықпен жауап берді.

Мұндай сипаттағы сабақтар білім алушыларды өз бетінше ізденуге, ақпаратты талдауға, жағдайдың дұрыс шешімін табуға, командада жұмыс істеуге, өз пікірін қалыптастыруға үйретеді.

29042019909_1.jpg

29042019909_1.jpg

29042019909_1.jpg