Skip to main content
x

         

2019 жылғы 30 сәуірде Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында "РУССКОЕ СЛОВО В МНОГОЯЗЫЧНОМ МИРЕ" атты ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ XIV КОНГРЕСІ (ОТӘОХҚ) басталды.

         Тарихта алғашқы рет ОТӘОХҚ Қазақстанда ұйымдастырылды. Конгресті өткізуге ірі экономикалық, мәдени және ғылыми орталықтары жарысқа түсті. ОТӘОХҚ-тың 50 жылдық тарихында конгрестер 10 мемлекетте - Франция, Польша, Германия, Чехия, Словакия, Венгрия, Ресей, Қытай, Испания, Болгарияда өткізілді.

         ОТӘОХҚ конгресі – бес жылда бір рет өткізілетін және барлық әлемнің 1000-ға жуық ғалымын біріктіретін әлемдік лингвистика саласындағы ірі ғылыми оқиға.

         Конгресс жұмысына Қазақстан мен шет мемлекеттердің ЖОО ректорлары, ведомстволары мен мемлекеттік органдарының басшылары, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдік басшылары, Қазақстан мен әлемнің белгілі ғалымдары, ақындары, аудармашылары, қоғам қайтаркерлері қатысады.

           Конгресс бағдарламасына заманауи әлемдегі орыс тілін зерттеудің және қолданысының өзекті аспектілерін ашатын 14 тақырыптық бағыт енеді. Жиында орыс тілінің кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте қолданысы, қашықтықтан оқыту, заманауи орыс әдебиеті және екітілдік ортада орыс тілін оқыту, аударматану туралы сұрақтар талқыланады. Сонымен қатар, «Портреты А.С.Пушкина» атты көрме өткізіледі.

         Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология және педагогика факультетінің өкілдері де конгрестің белсенді қатысушылары болып табылады. Дөңгелек үстел жұмысына баяндамашылар ретінде ОжОӘЖ жөніндегі проректор, профессор, ф.ғ.д. А.Д.Жақыпова, ф.ғ.д., орыс филологиясы және КІ кафедрасының профессоры О.А.Анищенко, филология және педагогика факультетінің деканы, ф.ғ.к. А.Е.Исмағұлова, орыс филологиясы және КІ кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Г.Т.Фаткиева, орыс филологиясы мен КІ кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Р.С.Әмренова, докторанттар Ж.Г.Темірова және А.Мұқашева баяндамалармен сөз сөйлейді.

         Іс-шара қонақтарын және қатысушыларын конгресс жұмысының басталуымен құттықтап, жемісті еңбек тілейміз!

30042019927_1.jpg