Skip to main content
x

 

Ш. Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледж «1мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күнін» атап өтті.

 

Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Қазақтың байтақ даласы бүгінде 150-дан астам ұлттар мен ұлыстардың ортақ отан болып отыр. Қазақстанның үлкен отбасына қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндер, немістер, кәрістер, ұйғырлар, қырғыздар, қытайлар, еврейлер, армяндар, грузиндер және басқа да көптеген ұлттар кіреді. Біз бұл ұлт өкілдерімен  татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз.

Бұл күн әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілікпен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

2019 жылы 26 сәуірінде Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледжде «1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» арналған мерекелік кеші өткізілді. Осы кеште студенттер әр ұлттың билерін билеп өздерінің шығармашылық шеберліктерін көрсетті. Бұл кешке жоғары оқу орнына дейінгі білім алу бөлімінің тындаушылары да белсенді қатысты.

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету - әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз арта берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігімізге айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман болсын!

300420191230_1.jpg

300420191230_1.jpg

300420191230_1.jpg

300420191230_1.jpg

300420191230_1.jpg

300420191230_1.jpg

300420191230_1.jpg

300420191230_1.jpg