Skip to main content
x

 

«Electrolyticdissociation» тақырыбындағы ашық сабақ

 

     2019 жылғы 23 сәуірде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университінде «Химия және биотехнология» кафедрасының оқытушысы, магистр Х.С.Евлоева 5В130100 – «Жалпы медицина» мамандығының OMA-81, OMA-82, OMA-83 топтарының шетел студентерімен химия пәнінен «Electrolyticdissociation» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.

Оқытушы студенттер саны 40-тан артық үлкен дәрісханада ағынды дәрістің ашық сабағында интерактивті оқыту әдістерін, оның ішінде Kahoot цифрлық платформасын қолдану жолын көрсетті. Осы бағдарламаның көмегімен қорытынды жасалып, өткен материалдыңигерудеңгейіайқындалды. Дәріс тақырыпты зерделеу барысында студенттер оқу үдерісіне белсенді қатысатындай болып ұйымдастырылды. 

     Дәріс барысында пікір алмасу, Power Point түріндегі тұсаукесер, бейне материал іспетті коммуникативтік әдістер, мультимедиялық технологиялар қолданды. Экранда тақырыптың негізгі тезістері бейнеленді. Студенттер тақырыпты талқылауға белсенді қатысты. Сабақты қорытындылау және өткен материалды түсінгені мен игергені Kahoot цифрлық платформасының көмегімен тексерілді. Бұл платформа әр студенттің нәтижесін тексеруге мүмкіндік береді. Студенттер смартфонды қолданып, сұрақтарға үлкен қызығушылықпен жауап берді.

    Сабаққа қатысқан университет пен кафедраның оқытушылары Х.С.Евлоеваның шеберлігін жоғары бағалап, шетел студенттерімен тілектестік қарым-қатынас орната білгенін, тыңдаушылар назарын оқу үдерісіне аударта алуын, сабаққа белсенді қатыстырғанын атап өтті.

060520191027_1.jpg

060520191027_1.jpg

060520191027_1.jpg

060520191027_1.jpg