Skip to main content
x

Frohe Ostern!

        2019 жылдың 25 сәуірінде шетел тілдері кафедрасында католик пасхасы мерекесі аталып өтті.

     Іс-шара неміс тілінің танымалдығын арттырып, оны насихаттауға арналды. Неміс тілі арқылы неміс халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысуға мүмкіндік тудырды.

       Неміс тілі бөлімінің 2 және 3-ші курс студенттері өздерінің ұстаздары мен студенттерге арнап мерекелік кеш өткізді. Қатысушылар «Ostern in Deutschland» презентациясы арқылы Германиядағы бұл мейрамның шығу тарихы және ерекшеліктерімен таныстырды. Сондай-ақ, неміс тілінде ән салып, би билеп, өлең оқып, түрлі ойындар ойнады.

         Әсіресе, «KAHOOT» онлайн сервистегі «Osterquiz» викторинасы көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

         Пасха дастарханынан дәм татқан қонақтар мерекелік кештен көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

060520191203_1.jpg