Skip to main content
x

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледж студенттері «Еріктілік - жастарды әлеуметтік көтеру» Халықаралық форуымының қатысушылары

          2019 жылы 20-21 мамыр күндері Қостанай қаласында Қазақстан-Ресей жастар ынтымақтастығына орай «Еріктілік - жастарды әлеуметтік көтеру» мақсатында форумы өтті. Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  2020 жылды «Еріктілер жылы»  болуын қолдады.

Осы Форумға «Ұлттық еріктілер желісі » Қазақстан өз  делегаттарын  ұсынды. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледж оқу орнынан еріктілер ретінде «Ағылшын тілі» мамандығының 1 курс студенттері Нурпеисова Диана, Бокубаева Илона және Мехдиева Полина қатысты.Ал, «Орыс тілі және әдебиет» мамандығының  3 курс студенті Савина Ксения  «Ақмола облысының «Думан» педагогтар құрамы  атынан жіберілді.

         Форумның мақсаты тәжірибе алмасу және әлемнің озық тәжірибелерін бірлесіп зерделеу, өзара әрекеттесудің тиімді механизмін дамыту, жастар қоғамдық бірлестіктерінің және еріктілер қозғалыстарын әлеуметтік-жауапты жастарды қалыптастырудың негізгі платформасы ретінде белсендіру, сондай-ақ әлеуметтік белсенді және басқа адамдарға бей-жай қарамау үшін сындарлы диалог алаңын құру болып табылады және азаматтардың, белгілі бір дағдылары мен тәжірибесі бар мамандардың мәселелерін қарастыру.

         Форум аясында тренинг бағдарламалары, көрмелер, Азия МІХ және Қостанай облысының жайдарман тобы, «ECO - challenge Qostanai» акциясы, Open air шарасы өткізілді.

         Форумды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері жөніндегі комитеті ұйымдастырды.

230520191145_1.jpg

230520191145_1.jpg

230520191145_1.jpg

230520191145_1.jpg

230520191145_1.jpg