Skip to main content
x

Балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдерінің шеруі

 

         2019 жылғы 1 маусым күні Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасындағы Халықаралық балаларды қорғау күніне және Жастар жылына арналған балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдерінің шеруі өтті.

         Шеруге Көкшетау қаласының мектеп оқушылары, колледж студенттері және мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері қатысты.

         Іс-шара Абылай-хан даңғылында ұйымдастырылған флеш-мобтан басталып, Абай көшесі бойындағы салтанатты шеруімен жалғасты.

         Ш. Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы Көпсалалы коледждің мерекелі безендіріліген сап легі үш жыл қатарынан театрланған парадқа қатысып келеді.

          Қазақстанның әр қаласының орталық көшелерінде осы мерекелік шараға орай бір мезгілде дабылшылар, оркестр мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор мен би ансабльдерінің легі өтті.