Skip to main content
x

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған мәдени іс-шара

         Көкшетау қаласының төріндегі «Менің Казахстаным!» атты ҚР мемлекеттік Туы орналасқан монументтің жанында 4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған мәдени ісшара аталып өтті.

         Атаулы шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин, Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов, облыстық және қалалық маслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, «Нұр Отан» партиясының, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, Қазақ тілі мен мәдениетінің, Ардагерлер Кеңесінің мүшелері, Жоғары оқу орындары, колледж, қала мектептерінің басшылары мен ұстаздары, сондай-ақ кәсіпорындардың қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.

         Мәдени шараға арнайы келген Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ақмолалық тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтап, еліміздің тыныштығын, халқымыздың амандығын тіледі. Сондай-ақ, еліміздің дамуы мен өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып жүрген көкшелік азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады.

         Ту, Елтаңба және Әнұран – біздің құндылығымыз, еліміздің тарихында ерекше қастерлі құрмет нышаны, әрі мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері болып табылады. 1992 жылдың 4 маусымы – халқымыздың жадында тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері өмірге келген күн ретінде мәңгі қалатын айтулы дата. Мемлекеттік рәміздерді қастер тұту және оған аса құрметпен қарау – әр Қазақстандық азаматтың қасиетті парызы саналады.

         Мерекелік шараның соңы театрландырылған концертке ұласты. Сонымен қатар Мемлекеттік Ту автошерушілерге табысталып, қала көшелерімен өтті.

         Барша қазақстандықтарды айтулы да қастерлі мерекемен құттықтаймыз! Еліміз тыныш, халқымыз аман болып, ашық аспан астында көк Байрағымыз желбірей берсін, ағайын!

040620191549_1.jpg

040620191549_1.jpg

040620191549_1.jpg

040620191549_1.jpg

040620191549_1.jpg

040620191549_1.jpg

040620191549_1.jpg

040620191549_1.jpg