Skip to main content
x

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы көлледжінің оқытушылары мен студенттері «Үміт» қарттар үйінде болды.

 

       Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы көлледжінің директоры Уаисов Рысбай Базарбайұлының, колледж оқытушыларының, ҚБ-11 тобының студенттерінің қолдауымен, ҚБ-11тобы студенті Хұлжабай Жансаяның ұсынысымен, ҚБ-11 тобының кураторы Айжан Аймакенқызы Шапауованың ұйымдастыруымен, бөлім меңгерушісі Магзуова Гүлсара Базарбаевнаның жетекшілігімен 06.06.2019 жылы Көкшетау қаласында орналасқан "Үміт" қарттар үйіне барып қайттық.

         "Үміт" қарттар үйі үшінші жыл жұмыс жасап жатыр. Бұл жерде ұлттары әртүрлі, әр қалалардан келгендер мен өз балалары осы жергілікті қалада тұрып жатқан 48 ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз орналасқан екен. Студенттер ән айтып, би билеп, алдын ала дайындап апарған дастарханнан дәм татқызып, ораза айт мерекесімен құттықтап, көңілдерін бір сәтке болса да көтермекші ниетте болып едік. Ол кісілер біз барғаннан кеткенше алғыстарын айтып, баталарын бергенмен бірақ өкінішке орай жанарларынан мұң мен уйымнан еңселерін көтере алмай, көздеріндегі жасқа ие бола алмады. Осындай тыныш заманда аталарымыз бен әжелеріміздің мұндай өкінішті жағдайда отырған көрінісін көру барған мұғалімдер, АА.Шапауова, Г.Б.Магзумова, А.Т.Махметов, А.А.Сарсенова, А.М.Мукажанова, С.И.Ильясова мен барған 30 студенттердің еріксіз көз жасымызға ерік беріп, ауыр бір оймен ол кісілерден кешірім сұрағандай, жүздеріне  қайта-қайта қарай беріп, қарттар үйінің "Үміт" деп аталуы жәй емес шығар, мүмкін балалары, туыстары ойланар, алып кетер деген үмітпен қайттық.

110620191600_1.jpg

110620191600_1.jpg

110620191600_1.jpg