Skip to main content
x

Қымбатты жерлестер, Арыстық ағайындар!

      Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұжымы кешегі Арыс қаласында болған апатты да қайғылы жағдайға байланысты ортақтасып, өздерінің бір күндік жалақыларын аударатын болып шешті. Сондай-ақ, университетте арнайы штаб құрылып, онда волонтерлар жұмыс істеуде.

       Құрметті ағайындар! Баршаңызға сабырлық берсін! Біз Сіздермен әрдайым біргеміз!