Skip to main content
x

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміровке университеттің құрметті профессоры атағы берілді

 

2019 жылдың 26 маусымы күні Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев бастаған ұжыммен кездесті. 

Кездесуге Шоқан Уәлиханов атындағы КМУ-нің ректоры Марат Сырлыбаев, университеттің ғалым-хатшысы Гүлден Тілеубердина, факультет декандары мен оқытушы-профессорлар құрамы және сот қызметкерлері қатысты.

Алқалы жиынды Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров кіріспе сөзімен ашып, бүгінде білім ордасымен тығыз қарым-қатынас орнатылғандығына, онда сот қызметкерлерінің студент-жастарға сала бойынша қажетті дәрістер оқылатындығын, сондай-ақ ауқымды ғылыми конференциялардың жүйелі түрде ұйымдастырылып отыратынын атап өтті.

 Естеріңізге салсақ, Ақмола облыстық сотымен университет арасында  бірнеше жылдан бері тығыз байланыс орнатылған. Аталмыш мекемелер арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып,  соның негізінде бүгінде бірқатар жұмыстар бірлесе атқарылуда. Атап айтсақ, университетің Тарих, заңтану, өнер және спорт факультетінің заңтану кафедрасы Ақмола облыстық сотында өз филиалын ашып, онда білім ордасының студенттері алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асырып келеді.  

Бүгінде еліміздің жастарының жан-жақты білім алуы үшін қажетті жағдайлардың барлығы жасалған деп толық айта аламыз. Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған қай Жолдауын алсаңыз да білім және ғылым саласына, сондай-ақ жастардың жақсы тәлім-тәрбие, сапалы білім алуына аса мән берілген.

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жастарға үлкен сеніп артып отыр. Өйткені жастар – елеміздің болашағы, жастар – үлкен күш, жастар дегеніміз – жалындап тұрған от, әрі елдің күш-қуаты. Осы орайда, Шоқан Уәлиханов университетінде де студент-жастардың сапалы білім алып, кәсіби тұрғыдан білікті де білгір маман болуына барлық жағдайлар жасалып отыр.

Қазіргі таңда қалалық, облыстық мемлекеттік мекемелермен, қаладағы ірі-ірі кәсіпорындармен, сондай-ақ білім беру орталықтарымен меморандумдарға қол қойылып, сол мекемелерде кафедралардың арнайы филиалдары ашылған.

Мәдени шара барысында Шоқан Уәлиханов атындағы КМУ-нің ректоры Марат Сырлыбаев сөз кезегін алып, Ақмола облыстық сотымен арадағы қарым-қатынас туралы айта каліп, білім ордасына көрсетіліп жатқан мүмкіндіктер мен сот тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы сөз қозғады. Екі мекеме арасында атқарылып жатқан осындай ауқымды жұмыстар мен студент-жастарға көрсетілген қажетті жағдайларды атай келе бүгінгі кездесудің негізгі мәселесіне тоқталды. Университетпен көп жылдан бері тығыз ынтымақтастық қатынас орнатып, жастарға  жақсы тәлім-тәрбие беріп, жоғары оқу орнының студенттері үшін бар мүмкіндікті жасап, еңбек сіңіріп жүрген Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміровке университеттің құрметті профессоры атағын беру туралы 2019 жылғы 30 мамырдағы шешімді жариялап, куәлікті салтанатты түрде табыс етті.

Шара барысында Тарих, заңтану, өнер және спорт факультетінің деканы Ақбота Бексейітова да сөз сөйлеп, факультет атынан алғыс айтты.

Шара соңында сот төрағасы Досжан Әміров өзіне және Ақмола облыстық сотының ұжымына көрсетілген үлкен құрметке ризашылығын білдірді.

260620191447_1.JPG

260620191447_1.JPG

260620191447_1.JPG

260620191447_1.JPG

260620191447_1.JPG

260620191447_1.JPG