Skip to main content
x

Университеттің оқу бітіруші түлектеріне арналған салтанатты шара

 

Киелі Көкше төрінде Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқу бітіруші түлектеріне арналған салтанатты диплом табыстау диплом табыстау рәсімі өтті.

Адам өміріндегі ерекше бір қуанышты сәттердің бірі – қалаған жоғары оқу орындарына түсіп, қолдарына таңдаған кәсіби мамандықтары туралы диплом алу. Бұл әрбір жастың балалық шағынан бергі аңсаған ізгі арманы.

Бүгін міне, білім ордасындағы студент-жастардың сол аңсаған армандары орындалып, қолдарына диплом алып отыр.

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті бүгінде Қазақстандағы алдыңғы қатардағы жоғары оқу орындарының бірі болып саналады.

Университетімізде педагогикалық, техникалық және ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша алты мыңнан астам студент-жастарымыз сапалы білім алуда.

Биылғы оқу жылында универсиететімізді екі мыңнан астам студент бакалавр, магистратура, докторантура дәрежелері бойынша оқуларын аяқтап, кәсіби маман ретінде диплом алғалы отыр. Солардың ішінде, «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша 376 студент те бар. Сондай-ақ, 100-ден астам түлектеріміз ерекше дипломның иегерлері. Бұндай көрсеткіш өте қуантарлық жағдай. Бұл біздің университетіміз үшін мәртебе, әрі үлкен абырой болары сөзсіз.

Шоқан атындағы оқу ордасын бітірген түлектеріміз бүгінде өздерінің алған білімдерімен еліміздегі мемлекеттік мекемелерде, ұлттық холдингтер мен ірі компанияларда, құқық қорғау органдарында, сондай-ақ білім және ғылым салаларында табысты қызмет етіп, еліміздің дамып-өркендеуіне өз үлестерін айтарлықтай қосып келеді. Енді міне, солардың қатарын бүгінгі оқу бітіруші түлектеріміз толтырғалы отыр.

Бүгінде еліміздегі жасалып жатқан игiлiкті істердiң барлығы еліміздiң болашағы – жас ұрпақтың жарқын келешегі үшiн жасалуда.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған әр Жолдауында жастардың тәрбиесіне, әсіресе, білім беру саласына ерекше назар аударып, жастарымыздың сапалы білім алуына, олардың кәсіби маман болуларына  барынша жағдай жасап отырғаны белгілі. Осыған орай, ағымдағы жылды «Жастар жылы» деп оған аса мән берілді.

Мәдени шараның шымылдығын Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев құттықтау сөзімен ашып, оқу бітіруші түлектерге диплом табыстады. Сондай-ақ, университеттің проректорлары Айгүл Жакупова, Әсем Дүйсембина және Аманбай Сейітқасымовтар да диплом табыстап, түлектерді құттықтады.

 Бүгінгі диплом алып отырған білім ордасының түлектеріне «Жарқын өмiрге басқан қадамдарыңыз, алған дипломдарыңыз құтты болсын!» деп тілек білдіреміз. Сондай-ақ, диплом табыстау шарасына арнайы келген Ата-аналардың қуаныштарына ортақтасып, университет ұжымы атынан алғыс білдіреміз.

Құрметті Шоқанның оқу бітіруші түлектері!

Болашақтағы үлкен өмір жолында білім берген ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың еңбегін ақтап, университеттен алған білімдеріңізді тек ел игілігіне жаратыңыздар.

Еңбек майданында жақсы жетістіктермен көріне берулеріңізге шын жүректен тілектеспіз!

Ұзақ өмір айдынында басқан қадамдарыңыз сәтті, жолдарыңыз АҚ болсын!

27062019838_1.JPG

27062019838_1.JPG

27062019838_1.JPG

27062019838_1.JPG

27062019838_1.JPG

27062019838_1.JPG

27062019838_1.JPG

27062019838_1.JPG

27062019838_1.JPG

27062019838_1.JPG

27062019838_1.JPG

27062019838_1.JPG

27062019838_1.JPG