Skip to main content
x

Университетте LVPA жобасы бойынша Киберқауіпсіздік

зертханасы ашылды

 

Бүгінде қоғамдағы өндірістің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірдің күрделенуі мен адамзат іс-әрекетінің барлық саласындағы үдерістердің серпінді өзгерісі, біріншіден жаңа технологияға деген сұраныстың өсуіне алып келсе, екіншіден осы сұраныстарды қанағаттандырудың жаңа құралдарын жасау мен техникаларын анықтауды талап етеді.

Қазіргі таңда ақпараттық қоғамның материалдық технологиялық қоры компьютерлік техникалар мен компьютерлік желілер, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық байланыстарға негізделген жүйелер болып табылытындығы айқын болып отыр.

ХХI ғасыр ақпараттық технологиялардың дамыған заманы. Осы орайда кезкелген салада, атап айтсақ білім беру, медицина, газ және мұнай саласы, құрылыс саласы және т.б. салалардың барлығы дерлік ақпараттық технологияларды игеруге тиісті. Дей тұрғанмен елімізде технологияларды пайдалану мен оны дамыту қарқынды жүріп жатыр. Білім саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану басты мақсаттың бірі болып саналады. Себебі, қазіргі уақытта «Цифорлық Қазақстан» жобасы бойынша жаңа технологияларды пайдалану қарқынды дамып келеді. Оның тиімді жақтары көп. Студенттерге ақпаратты электронды түрде беру тәсілдерін айта кетсек: электронды кесте құру, интерактивті тақтаны қолдану, слайд жасау, электронды оқулықтар ұсыну.

Азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің ақпараттарды тиімді түрде қолдануына кедергі келтіретін сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден ақпараттық жүйелер мен ақпараттық қорлардың қорғалуы тиіс.

Бүгінде IT-қауіпсіздік сарапшылары «Нағыз қақтығыс ғаламтор желісінде пайда болады. Мемлекеттер бір-біріне бұғау салуға тырысады», — деген болатын. Әр күн сайын кибершабуылдардың масштабы да кеңейіп келеді.

Әлем елдеріндегі газ құбырларындағы қуатты жарылыстар, жарықтың жаппай өшіп қалуы, ұшақтардың құлауы, рельстен поездардың шығып кетуі — бұлардың барлығын әдейі ұйымдастыруға да болады.

Осындай киберқауіптен тазартудың бір жолы: мемлекет пен өндіріс орындары бірге жұмыс істеуі қажет, серіктес ретінде бір-бірімен ақпаратпен бөлісуі қажет.

Қазақстандағы киберқауіптілік те ұлғая түсуде. Сарапшылардың айтуынша Қазақстандық компанияларға желілік технология саласындағы киберқауіпсіздікке көңіл бөліну қажет. Ірі қазақстандық компаниялар киберқауіпсіздікке үлкен қаржы бөлуге дайын, ал орта бизнес интернеттегі қорғаныстың маңыздылығын толықтай түсіне қойған жоқ. Бұрын тек ірі америкалық компанияларға ғана қатысты орын алатын жағдайлар бізге де келді. Қазіргі киберхакерлер жай ғана адамдар емес, бұл үлкен қаржылай ресурстарға ие болған өндіріске айналды. Олар ел экономикасына қауіп тигізе алады.

Бүгінде білім және ғылым министрлігі білім мен ғылымды цифрлан-дыруды дамыту бойынша 3 бағытта жұмыс жасап жатыр.

Біріншісі – ол орта білім жүйесінде ақпараттандыруды дамыту, екіншісі – білім беруді және ғылымды басқару процесін автоматтандыру және үшіншісі -  ол IТ-мамандарды даярлау. Сонымен бірге, Елбасының Жолдауына сәйкес, барлық аймақтарда оқушылар сарайының базасында қажетті инфрақұрылымы, компьютер, лабораториясы, 3D-принтер бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларын құру жұмыстары басталды.

Елімізде жоғары білім беруде ІT-мамандықтарға грантты жыл сайын көбейтіп келеді. Өткен жыл Елбасының тапсырмасы бойынша, 20 мың қосымша грант бөлінеді, оның ішінде 11 мың грант техникалық мамандық-тарға бөлінді, соның ішінде IT студенттер да бар.

Оыған орай, барлық жоғары оқу орындарының білім бағдарламалары тез жаңартылатын болады және сапасы жақсармақ.

Елімізде студенттерді «Киберқауіпсіздік» бағыты бойынша оқыта бастады. Бұл – жаңа бағыт. Жыл сайын гранттарда көбейтетін болды.

Бүгінде әлем тез дамып келеді. Біз басқа мемлекеттердің жетістіктері мен кемшіліктерін сараптап, жаңа цифрландыру жүйесіне көшуіміз қажет.

         2019 жылдың 27 маусым күні Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті тағы да бір зертханамен толықты.

Білім ордасындағы политехникалық факультеттің ғимаратында  LVPA жобасы бойынша Киберқауіпсіздік зертханасы ашылды.

Зертхананың ашылу салтанатына Шоқан Уәлиханов атындағы КМУ-нің ректоры Марат Сырлыбаев, проректорлар Айгүл Жакупова, Әсем Дүйсембина, факультет деканы Хасен Абсалямов, жоба жетекшілері Нұргүл Нурмуханбетова, Ануарбек Какабаев, сондай-ақ университеттің оқытушы-профессорлары мен студент-жастары қатысты.

Ашылғалы отырған зертхананың лента қию рәсімін университет ректоры Марат Сырлыбаев пен факультет деканы Хасен Абсалямов жасады.

 Білім ордасының басшысы Марат Кәдірұлы университет ұжымы мен жоба жетекшілерін жаңа бастамаларымен құттықтап, олардың игі жұмыстарына табыс тіледі.

Шара барысында бүгінгі заман талабына аса қажет жаңа зертхананың  негізгі жұмыстары мен алдағы жоспарлары таныстырылды.

Кабинет жұмысқа қажетті құрал-жабдықтармен және оқу-әдістемелік кітаптармен қамтамасыз етілген. Бүгінде зертханада ақпараттық жүйелер мен  есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, шара барысында аталмыш факультеттің 4 курс студенттері Жадыра Қайыпберген «Ақпаратты қорғаудың бағдарламалық құралдары мен әдістері», Әділет Құрманбек «Білім беру саласында вертуалды шындық технологияларын қолдану» тақырыптары, Ардақ Бақдәулет «Ақылды бағдаршам» жобасы бойынша университет ұстаздарына өздерінің ғылыми жұмыстарымен таныстырды.

 Ғылыми шараға қатысқан ұстаздар да өз ойларымен бөлісіп, студент-жастар үшін жасалып отырған игі жұмыстарға ризашылықтарын білдірді.

270620191653_1.JPG

270620191653_1.JPG

270620191653_1.JPG

270620191653_1.JPG

270620191653_1.JPG

270620191653_1.JPG

270620191653_1.JPG

270620191653_1.JPG

270620191653_1.JPG