Skip to main content
x

Моңғолия өкілдерінің Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-ге іс-сапары

 

2019 жылдың 3 шілдесі күні Засагт Хан Дээд Сургууль (МОНГОЛ УЛС) директоры Ядамжав Юндэн жұмыс сапарымен білім ордасына келіп, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаевпен кездесті.

Кездесу мақсаты –жоғары оқу орындарында білім сапасын арттыру және ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, жоғары оқу орындары арасында тығыз қарым-қатынас орнату.

Кездесу барысында тараптар білім беру және ғылыми зертеулер саласында ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің тиімді қызмет істеуге ықпал етуге, жоғары білікті мамандарды даярлауға және кәсіби білім беру мен ғылымды дамыту келісті.   

Сонымен қатар тараптар магистратура және докторантура деңгейінде бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу саласында, сондай-ақ бірлескен ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізуге уағдаласты.

Жиын барысында университеттің оқытушы-профессорлары Моңғолияның жоғары оқу орындарының білім алушыларын онлайн-режимде дәрістер оқуға, мастер-кластар өткізуге және академиялық ұтқырлық бойынша студенттердің өзара тәжірибе алмасуларына мүмкіндік жасайтын болып келісті.

Соңында екі тарап аталған бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

040720191124_1.jpg

040720191124_1.jpg

040720191124_1.jpg

040720191124_1.jpg

040720191124_1.jpg

040720191124_1.jpg