Skip to main content
x

Облыстық архивтегі ғылыми семинар

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында 2019 жылы 18 қазанда Ақмола облысының мемлекеттік архивінде ғылыми семинар өтті.

Іс-шараға Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің "Тарих" мамандығының студенттері, оқытушы және архив мамандары қатысты.

Ғылыми семинардың тақырыбы: "Ақмола облысы: Тарих және қазіргі заман".

Аталмыш шараны Отан тарихы және "Рухани Жаңғыру" кафедрасының аға оқытушысы А.А.Шарипов ашты. Оқытушы өз баяндамасында 2013 жылдан бастап Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Ақмола облысының мемлекеттік архивімен белсенді қызмет атқаратынын атап өтті.

Кафедра филиалының жұмысы аясында көптеген кездесулер мен іс-шаралар өткізілді. Студенттер, болашақ тарих мұғалімдері біздің аймақтың тарихына қызығушылық танытып, ғылыми семинар отырысында белсенді қатысты.

Шара соңында ғылыми семинардың қорытындысы жасалып, іс-шара көрме залында экскурсиямен аяқталды.

141120191428_1.jpg

141120191428_1.jpg

141120191428_1.jpg