Skip to main content
x

"LiveEducation" ЖШС-мен өзара түсіністік және әріптестік туралы Меморандум

 

2019 жылғы 14 қараша күні университет пен "LiveEducation" ЖШС арасында өзара түсіністік және серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды.

Бұл меморандум аясында "LiveEducation" ЖШС базалық физика-математикалық білімі бар университет түлектерін жұмысқа орналастыруды, сонымен қатар біздің түлектер үшін 6 айлық "физмат-десант" мектебін ұсынады.

"Физмат-десант" мектебінің негізгі мақсаты - жоғары физика-математикалық білімге негізделген тиімді әдістермен бизнес есептерді шешу үшін жоғары білікті кадрларды даярлау. "Физмат-десант" мектебі стипендия төлеу, қатысушыны жұмысқа орналастырумен және одан әрі мансаптық сүйемелдеумен оқытады. Одан әрі ынтымақтастық "Физика және математика" кафедрасының профессор-оқытушылар құрамын осы жобаның әлеуетті қатысушыларын іріктеу бойынша бірлескен жұмысқа тартуды көздейді. Айта кетсек, біздің университеттің "Математика"мамандығының түлегі Ерлан Байболатов аталмыш байқауға қатысып, республика бойынша "Физмат-десант" командасының 10-дық қатарына енді. Бұл "Физика және математика" кафедрасында мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін көрсетеді.

 

15112019830_1.jpg

15112019830_1.jpg

15112019830_1.jpg