Skip to main content
x

«Ғылыми жұмыс сапасын арттыру үшін Scopus және ScienceDirect пайдалану» тақырыбындағы оқыту семинары

 

        2019 жылғы 3 желтоқсанда Ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаменті ұйымдастырған «Ғылыми жұмыс сапасын арттыру үшін Scopus және ScienceDirect пайдалану» тақырыбында оқыту семинары өтті.

        Кездесу мақсаты - университет докторанттары мен ОПҚ Scopus базасымен таныстыру және жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын меңгерту.

        Аталған іс-шараны өткізу үшін Қазақстандағы «Elsevier» ақпараттық-талдау базасының өкілі Ботагөз Сүлейменова шақырылды.

        Семинар бағдарламасы Scopus мазмұны, метрика, ScienceDirect, Mendeley және т. б. сұрақтардың кең аясын қамтыды.

        Семинар Scopus базасының негізгі библиометриялық мәліметтерінің тұсаукесерімен басталды, содан кейін диалог түрінде өтті.

        Қатысушылар журнал Scopus-да индекстелетінін қалай білуге, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін басып шығару үшін қажетті басылымды қалай таңдауға, журналдың деңгейін бағалауға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтар қойды.

041220191213_1.jpg

041220191213_1.jpg

041220191213_1.jpg

041220191213_1.jpg

041220191213_1.jpg

041220191213_1.jpg