Skip to main content
x

Студенттер жатақханасы

Жатақханаға орналасудың 2018 оқу жылына арналған  ережесі

1. Жатақханаға орналасу 2018 жылдың 23 тамызынан бастап жүргізіледі. 
2. Жатақханаға орналасуға арналған ордерлер факультеттердің деканаттарында жатақханаға орналасудың бекітілген нормалары мен квоталарға сәйкес беріледі. Жатақханаға орналастыру жөніндегі комиссияның төрағасы – ТЖ жөніндегі проректор А.А.Сейітқасымов (Абай к-сі, (бас оқу ғимараты) тел:25–25–00).
3. Студенттер үйі мен жатақханаға орналасу үшін қажетті құжаттар тізімі:
Жатақханаға (студенттер үйіне) орналасу туралы белгіленген үлгідегі өтінішті факультеттердің деканаттарынан алады. Өтініштердің жарамдылық мерзімі алынған күннен бастап 10 тәулік. 
Күндізгі бөлімнің 1 курсына қабылданғаны туралы келісімшарттың, сертификаттың көшірлемелері; 2,3,4 курс студенттері үшін – деканаттан  оқу нысаны (грант, коммерциялық) көрсетілген оқитыны туралы анықтама.
Медициналық байқаудан  (Темірбеков, 28)  өткені туралы анықтама. Анықтама жатақханаға орналасу туралы анықтаманы алғаннан кейін беріледі. 1 курсқа қабылданған студенттер Темірбеков, 28 мекен-жайы бойынша визуалды тексеруден өтеді. 
Жатақханаларда тұру үшін төленетін ақы  жатақханаға орналасу туралы өтінішті алғаннан кейін төленеді және 1 қыркүйектен 1 шілдеге дейін 10 ай бойы тұратын ақы көлемі 31 420 теңгені құрайды. Ақы Көкшетку қ., Әуезов к., 151-үй  (тел.: 8 (7162) 25-72-25) орналасқан «Цеснабанк» АҚ-да төленеді. 
Түбіртек студенттің ТАӘ-мен  (түбіртекті ата-анасының және т.б. ТАӘ-мен толтыруға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!) толтырылады, төлем атауы: жатақханада тұру, жатақхананың мекен-жайы, бөлме нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.
3*4 өлшемдегі фота – 4 дана.
4. Жатақханаға жеңілдікпен орналасу шарты: (кезектен тыс)
Балалар үйінің тәрбиеленушілері және тұл студенттер.
Тиісті құжаттарды ұсынады, жатақханаға  кезектен тыс орналасады;  курсы мен оқу нысанына қарамастан –  тұру тегін.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер.  Тиісті құжаттарды ұсынады, жатақханаға  кезектен тыс орналасады;  курсы мен оқу нысанына қарамастан –  тұру тегін.
«Серпін-2050» - «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» жобасы шеңберінде оқуға түскен студенттер  үшін курсы мен оқу нысанына қарамастан – тұру-ақылы негізде, орналасу – кезектен тыс.
Студенттер – қазақ диаспорасының  өкілдері  үшін курсы мен оқу нысанына қарамастан – тұру-ақылы негізде, орналасу – кезектен тыс.
Басқа облыстардан (СҚО басқа) келген студенттер, сондай-ақ алыс және жақын шетелден келгендер. Паспортының көшірмесін, визасын, тіркеуін ұсынады, олар үшін курсы мен оқу нысанына қарамастан – тұру-ақылы негізде, орналасу – кезектен тыс.
5. Студенттерді жатақханалар мен студенттер үйіне орналастыру кестесі
23.08.18ж. -  29.08.18ж. аларығында  1 курс студенттері – грант, коммер.,  жеңілдікті орналасу тізіміне енетін студенттер.
29.08.18ж.- 01-09.09.18ж. 2, 3 курс студенттері, грант.
01.09.18ж. - 05.09.18ж. – қалған студенттер.
4 курс студенттеріне жатақханаға орналасуға тыйым салынады.  Қара тізімде тұрған студенттерге  жатақханаға орналасуға жол берілмейді. 
10.09.2018ж. дейін студенттердің бір бөлмеден басқасына, сондай-ақ жатақханалар арасында көшуіне тыйым салынады.