Skip to main content
x

Тау-кен ісі, құрылыс және ТҚ кафедрасы

Кафедраның тарихы:
Кафедраның тарихы Көкшетау қаласында механикалық, кейін аспаптар жасау зауытының базасында  Павлодар индустриялық институтының жалпы техникалық факультеті ашылған кезден, яғни 1963 жылдан басталады. Ол кезде оның құрамында тек жалпы инженерлік пәндер кафедрасы ғана енді. Дайындық үшінші курсқа дейін кешкі оқыту формасы бойынша «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «Машина жасау технологиясы», «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандықтары бойынша жүзеге асырылды.
1972 жылы  факультет Еңбек Қызыл Ту ордені Қарағанды политехникалық институтының құрамына ауыстырылды.  1987 жылы факультет жаңа, жақсы жабдықталған оқу-зертханалық ғимаратына көшті. 1988 факультетте «Радиотехника» мамандығы ашылды.
1990 жылдан бастап факультетте «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша сырттай оқыту бөлімі ашылды. Доцент, профессор Қ.А.Айтқожин  бірінші декан болды. 1995 жылы кафедрада «Пайдалы қазбаларды ашық өңдеу» мамандығы бойынша оқытыла бастады, осыған байланысты кафедраның атауы «Құрылыс және тау-кен ісі» болып өзгертілді. Кафедра меңгерушісі –  С.З. Бейсекеева. 19.02.40 «Пайдалы қазбаларды ашық өңдеу» мамандығы ҚР Білім министрінің 15.02.95 ж. №36 бұйрығымен бекітілді. 2000 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде осы мамандықтың алғашқы түлектері оқуларын аяқтап шықты. Өндірістен қол үзу арқылы оқытудың нормативтік ұзақтығы 4 жыл 10 ай. Біліктілік –тау-кен инженері. Пайдалы қазбаларды ашық өңдеу – пайдалы қазбаларды ашық өңдеу барысында тау-кен кәсіпорындарының реконструкциясы мен пайдалануын жобалумен байланысты кешенді міндеттерді шешуге бағытталған адам қызметінінің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығынан тұратын материалдық өндіріс саласы. Тау-кен инженері іргелі және арнайы дайындыққа сәйкес кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:
-    өндірістік-техникалық
-    ұйымдық-басқару,
-    жобалау-конструкторлық,
-    оқытушылық.
«Васильковский тау-кен байыту комбинаты» ААҚ өндірістік база болды, Х.К.Әбсәлямов оның президенті  болды. Пайдалы қазбаларды ашық өндіру мамандығының пәндері бойынша сабақтарды Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің келесі мамандары жүргізді: Билялов С.К. – бөлім басшысы,  Нұрғожаев К.М – бөлім басшысы.
2001 жылы екі факультет біріктіріліп, олардың негізінде агроинженерлік факультет құрылып, оны түрлі жылдары Ж.Н. Аленов, А.А. Поддубный, А.А. Шаханов, С.Т. Мемешов, У.М. Сағалбеков, И.Б. Фахруденова, Е.Ф. Тушанов басқарды.  2004 жылдан бастап    050707 – «Тау-кен ісі»мамандығының білім беру бағдарламасы енгізіліп, 2008 жылы алғашқы түлектер оқуларын аяқтап шықты. 2007 жылы «Пайдалы қазбаларды ашық өндіру» және «Тау-кен ісі» мамандықтары «Агроинженерлік және орман шаруашылығы ісі» кафедрасының құрамына ауысты, осыған байланысты кафедраның атауы да «Агроинженерлік, тау-кен  және орман шаруашылығы ісі»    болып өзгертілді.   Кафедра меңгерушісі –  Е.Ф. Тушанов.  
ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығымен жыл сайын  бакалавриат мамандықтары бойынша өткізілетін  республикалық рейтингте   кафедра келесі жүлделі орындарға ие болды: 2009 жылы – «Агроинженерия» (2 орын), «Орман шаруашылығы ісі» (3 орын);  2010 жылы – «Орман шаруашылығы ісі» (2 орын);  2011 жылы –   кафедраның «Агроинженерия», «Орман шаруашылығы ісі», «Тау-кен ісі» сияқты барлық үш мамандығы да 1-ші орындарды иеленді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы болған жылы Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де «Үздік кафедра» атағына арналған конкурс өткізілді. Осы конкурста агроинженерлік, тау-кен ісі және орман шаруашылығы кафедрасы үлкен басымдықпен жеңіске жетті. 2014 жылы инженерлік мамандықтар біріктіріліп, техника және технологиялар факультеті құрылды. «Тау-кен ісі» және «Өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандықтары «Тау-кен ісі,  өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» атауымен бір кафедраға біріктіріліп, Х.К. Әбсәлямов кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. 2015 жылы кафедра құрамы 5В072900 «Құрылыс» мамандығымен толығып, енді кафедра атауы «Тау-кен ісі, құрылыс және тіршілік қауіпсіздігі» болып өзгертілді, т.ғ.к. А.К.Хаймулдинова кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. Кафедрада 5В070700 - «Тау-кен ісі»;
5В072900 - «Құрылыс»; 5В073100 - «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлығы және 6М073100 – «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша магистранттар даярлығы жүзеге асырылады.  
Кафедра оқытылатын барлық пәндер  оқу және әдістемелік құралдармен, заманауи ғылыми, техникалық әдебиеттермен толықтай қамтамасыз етілген. Зертханалар зертханалық және практикалық сабақтарды сапалы өткізу үшін қажетт заманауи құралдармен жабдықталған. Кафедраның түлектері оның мақтаныштары болып табылады. Олардың бірқатары басқарушы қызметтерді атқарады, жобалау және ғылыми қызметпен айналысады. Олардың ішінде:
Будко Е.Я - «Недра-Инжиниринг» жобалау фирмасының директоры; Байдалин Д.Е. - «Altyntau-Kokshetau» ЖШС  О.Г.Р. басшысы,  Құрмантас Р.С. - «Maxsam - int» ЖШС-нің «Altyntau-Kokshetau» жобасының менеджері, Богинский Ю. - «Altyntau-Kokshetau» ЖШС комбинатының диспетчері; Шаймерденова А.Б. - «Көкшетау - Жолдары» ЖШС-нің бас инженері; Селинок Е. - ТОО  «Maxsam - int» ЖШС матрица өндіру зауытының басқарушысы; Литвинов А. - «Altyntau-Kokshetau» ЖШС бас инженері, БЖЖ учаскесінің басшысы.

Жаншуақова Раушан Мадетқызы

к.т.н.
и.о доцента
Телефон
Аудитория
E-mail:

Жаншуақова Раушан Мадетқызы

«Тау-кен ісі, құрылыс және ТҚ» кафедрасының меңгерушісі

Білім беру бағдарламалары:

Бакалавриат:
·    Тау-кен ісі       
·    Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
·    Құрылысы
Магистратура:
·    Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

Оқу және ғылыми зертханалар:
«Тау жыныстарын физикалық зерттеу» зертханасы
«Пайдалы қазбаларды байыту» пәні бойынша оқу зертханасы
«Құрылыс материалдары мен бұйымдар» зертханасы
«Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» зертханасы
Минералдар мұражайы

Кафедраның ОПҚ:
·    Жаншуақова Раушан Мадетқызы, аға оқытушы,кафедра меңгерушісі
·    Әбсәлямов Хасен Қабдолұлы, т.ғ.к.,  декан   
·    Марамова Сәуле Сұлтанқызы,    э.ғ.д., профессор      
·    Кауметова Динара Сүйіндікқызы, аға оқытушы     
·    Софронова Людмила Ивановна,   б.ғ.к.,  аға оқытушы        
·    Абрамова Светлана Александровна, аға оқытушы      
·    Хватина Наталья Васильевна,    оқытушы
·    Калашинов Нұрлан Қойшыұлы,   оқытушы
·    Өтегенов Есентай Амантайұлы,    т.ғ.м., оқытушы   
·    Кенжегалиева Карлыгаш Кулышвна,     т.ғ.м., оқытушы   
·    Байкенов Нурлан Алмазович,    т.ғ.м., оқытушы   
·    Муканова А.К., оқытушы
·    Нурмаганбетов А.Ж., оқытушы
·    Кожаев Г.К., оқытушы 
·    Жүкенова А. Д
  
Кафедраның оқу-көмекші құрамы:

·    Исакова С. А
Телефон: 40-20-83
Кафедраның мекен-жайы: Темірбеков к-сі, 30, №2 оқу ғимараты, 210  каб.

Кафедраны таныстыру

Горное дело
Строительство
БЖД