Skip to main content
x

Tempus

Tempus – Еуропалық Кеңеспен қаржыландырылатын Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Батыс Балкан және Жерорта теңізі аймағындағы серіктес елдерінің жоғары білім беруді  жаңғырту процестерін іске асыру  арқылы қолдауға бағытталған бағдарлама.

Институционалдық өзара іс-әрекетті қолдау және дамыту арқылы Tempus бағдарламасы өз күш-жігерін серіктес елдердегі жоғары білім беруді реформалау мен жаңғыртуға бағыттайды.

Бағдарлама серіктес елдердің жоғары білім беру жүйесін ерікті түрде жалпыеуропалық үрдістерге енгізуге ықпал етеді.

Tempus оқу орындарының барлық деңгейіндегі ынтымақтастықты  нығайтумен қатар тұлғааралық байланыстарды орнату мен дамытуға жағдай жасайды. Tempus бағдарламасы аясында, негізінен, жоғары оқу орындары мен олардың бірлестіктерінен тұратын  консорциумдарға қолдау көрсетіледі. Консорциумдар құрамына, бұдан басқа, академиялық емес серіктестер де ене алады.

Tempus бағдарламасы Erasmus Mundus бағдарламасымен өзара байланыста іске асырылады, яғни үшінші елдердің студенттеріне ЕО елдерінде магистр немесе докторлық дәрежені алу үшін білім алу/сынақ мерзімінен өтуге стипендиялар тағайындалады.

Бағдарламаның басты мақсаты – ЕО елдері мен көршілік өңірдің серіктес елдерінің жоғары білім беру саласында ынтымақтастық аясын құру.

Бағдарлама шеңберлерiндегi осы мақсатқа қолжеткізу үшін нақты тапсырмалар шешін табуы тиіс:

 

  • Серіктес елдердердегi жоғары бiлiмнiң қайта құрылуы мен жаңғыртылуына жәрдемдесу;
  • Серіктес елдер қоғамы мен еңбек саласыдағы жоғары бiлiмнiң сапасы мен дәрежесін арттыру;
  • ЕО және серіктес елдердің  оқу орындарының, әсіресе еңбек саласы және қоғам үшін халықаралық ынтымақтастық,  жаңғырту мен ашықтық  саласындағы әлеуетін ұлғайту мақсатында:
  •  жеке қарастырылған ел шеңберіндегі жоғары білім фрагменттері мен жоғары білім шеңберіндегі ел аралық білім үзіндісіндегі бытыраңқылықты жою;
  • университет факультеттері аясындағы пән аралық және тәртiп тәсiлдерін дамыту;
  • ЖОО түлектерiне деген сұранысты арттыру;
  • әлемде жоғары бiлiмнiң еуропалық кеңiстiгiнiң тартымдылығын арттыру;
  • адам ресурстарының дамуына жәрдемдесу;
  • ЕО елдері мен серіктес елдердің халықтары мен мәдениеттерi арасындағы ынтымақтастықты жақсарту.

http://eacea.ec.europa.eu/erasmus_mundus/programme/about_erasmus_mundus_en.php
http://www.tempuskaz.kz/index.php/ru/erasmus.html


Erasmus Mundus – бұл үшінші елдермен бірлестік құру арқылы еуропалық жоғары білім беру сапасын арттыруға және адамдар мен мәдениеттер арасында сұхбат пен өзара түсінушілікті алға бастыруға бағытталған жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық пен ұтқырлық бағдарламасы.   

Бағдарламаның міндеттері:

  • Европа мен Үшінші елдердің жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастықты күшейту;
  • Үшінші елдердегі  неғұрлым дарынды студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығы  негізінде  халықаралық деңгейде тәжірибеге қол жеткізу және біліктілікті арттыруға жәрдемдесу;
  • Әлемдегі Еуропалық жоғары білімінің сапасын, қолжетімділігін және тартымдылығын арттыру;


Erasmus Mundus 2009-2013  жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық пен ұтқырлық бағдарламасы болып табылады:

  • Еуропалық  жоғары білім сапасын арттыруда
  • үшінші елдермен ынтымақтастық орнату арқылы мәдениетаралық түсіністікті дамытуда, сондай-ақ  үшінші елдерді жоғары білім саласында дамытуда.  

Erasmus Mundus  бағдарламасы келесілерді қолдайды: