Skip to main content
x

Тәрбие жұмысы бөлімі

Тәрбие жұмысы бөлімі университеттің тәрбие жұмысын үйлестіреді (студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, студенттердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктеріне қолдау көрсету, көңіл көтеру, клуб қызметін дамыту, білім алушы жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек  көрсету жұмысын дамыту және жетілдіру, кураторлар институтының қызметіне қолдау көрсету, сондай-ақ университеттегі еріктілер қозғалысын үйлестіру).


Тәрбие жұмысының стратегиялық мақсаты – кәсіби, зияткерлік және әлеуметтік шығармашылық қабілеттері бар, жоғары мәдениетті және азаматтық жауапкершілігі биік, дүниетанымдық әлеуетіне ме болашақ маман, студент тұлғасының қалыптасуы мен өзін-өзі танытуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.

Негізгі міндеттер:
1.     ҚР заңнамалық актілерінде, ҚР «Білім туралы» заңында, «ҚР мемленкеттік жастар саясаты туралы» заңында, ҚР мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында баяндалған құқықтардың сақталуын қамтамасыз ету.
2.    ЖОО-да түрлі факультеттердегі студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын нығайтуға, ұлттық салт-дәстүрлерді, патриоттық сана-сезімді нығайту және дамытуға арналған мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
3.    Университетте студенттермен жүргізілетін жүйелі тәрбие жұмысын ұйымдастыру, мамандарды даярлау процесіндегі оқу мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету; тұлғаның зияткерлік, мәдени, адамгершілік-эстетикалық және физикалық дамуына қажетті жағдайларды жасау.
4.    Университетте, фаультеттерде, топтарда оқу-тәрбие процесін жетілдіруге қатысу.
5.    Студент жастарының шығармашылық әлеуетінің кәсіби қалыптасуы және өзін-өзі іске асыруы, жаңа нағыз дарындарды  анықтау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау.
6.    Студенттік өзін-өзі басқару, студенттердің қоғамдық бірлестіктерінің жұмысына ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету.
Тәрбие жұмысы бөлімінің негізгі бағыттары:
⦁    Әлеуметтік-психологиялық проблемаларды зерттеу және студенттерді әлеуметтік қорғау.
⦁    Қаланың өзге де жастар ұйымдарымен, драмалық театрлармен,  филармония және мұражайлармен, қаланың, облыстың, республиканың түрлі үкіметтік емес ұйымдарымен  байланысты жүзеге асырады.
⦁    ЖОО студенттік жастары үшін байқаулар, конкурстар, фестивальдер ұйымдастырады.
⦁    Студенттерге  түрлі гранттар алуға арналған облыстық, республикалық конкурстарға, шығармашылық байқауларға, дебаттар мен т.б. қатысуға көмек көрсетеді.
⦁    Студенттерді ақпараттық тұғыдан қамтамасыздандыру.
⦁    Студенттер ортасындағы құқық бұзушылықтар мен келеңсіз жағдайлардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру.
⦁     Діни экстремизмнің алдын алу, лаңкестік және дінді радикаландыру.
⦁    Студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту және студенттердің қоғамдық ұйымдарының қызметіне қолдау көрсету.
⦁    Әскери-патриоттық тәрбие беру.
⦁    Студенттерді университет тарихы мен салт-дәстүрлеріне араластыру.
⦁    Эстетикалық тәрбие.
⦁    Экологиялық тәрбие.

Бөлім құрылымы

ТАӘ

Жұмыс бағыты

Байланыстар

1.                 

 

Ваганова

Наталья Анатольевна

ТЖБ жетекшісі

№127 каб., бас оқу ғимараты, 1қабат,

72-11-05

2.                 

 

Нұрмағамбетова

Махаббат Сапарқызы

Мұражай меңгерушісі

Университет тарихы мұражайы, бас оқу ғимараты, 2 қабат

3.                 

 

Қожабаев

Айдар Қазжанұлы

Баспасөз хатшысы

№223 каб., бас оқу ғимараты, 2 қабат,

72-11-16

4.                 

 

Күзембаев

Ұлықбек Елемесұлы

Студенттік кәсіподақ ұйымының төрағасы

№127 каб., бас оқу ғимараты, 1қабат,

72-11-05

5.                 

 

Тілеубаева

Назгүл Найзабекқызы

Музыкалық-көркемдік бағыт

Музыкалық студия, бас оқу ғимараты, 2 қабат

6.                 

 

Жанарбек

Жанат

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін-2050» бағдарламасының үйлестірушісі

№127 каб., бас оқу ғимараты, 1қабат,

72-11-05

7.                 

 

Билялова

Қарагөз Мұратбекқызы

Психолог

Каб.№602, каб., бас оқу ғимараты, 6 қабат,

 

8.                 

 

Ахметова

Тыныштық Мұқатқызы

Университеттің Ардагерлер кеңесінің төрайымы

Бас оқу ғимараты, 1 қабат,

25-56-26