Перейти к основному содержанию
x

Рухани жанғыру

Уважаемые студенты, преподаватели, читатели!

В рамках проекта «Новое гуманитарное знание. 100 новых учебников на казахском языке» лучшие учебники мира будут переведены на государственный язык и станут доступны казахстанскому читателю.

Библиотека КГУ им Ш. Уалиханова  получила первые 19 книг по таким направлениям как: философия, социология, психология, экономика, менеджмент, предпринимательство, религиоведение, лингвистика, антропология, инновация.
Книги доступны в читальных залах всех корпусов и общежитиях.

    5.07.19.16_09.jpg

5.07.19.16_15.jpg  5.07.19.16_08.jpg
5.07.19.16_01.jpg 5.07.19.16_03.jpg 5.07.19.16_05.jpg
5.07.19.16_06.jpg 5.07.19.16_07.jpg 5.07.19.16_14.jpg
5.07.19.16_13.jpg 5.07.19.16_12_0.jpg 5.07.19.16_02.jpg
5.07.19.16_18.jpg 5.07.19.16_17.jpg 5.07.19.16_16.jpg
5.07.19.16_10_0.jpg 5.07.19.16_11.jpg 5.07.19.16_19_0.jpg
5.07.19.16_04_0.jpg    

« Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық »

1.png

   Данн Росс Е.

Раnоrаmа: Дүниежүзі тарихы, 1-кітап. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 532 бет.

Адамзат пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі дүниенің тарихи жолын кең ауқымда сипаттайтын бұл оқулық «Раnоrата: Дуниежүзі тарихы, 1-кітап» («Рапоrата а Word Ніstоrу, Воок 1») деп аталады. Кітап Ното sаріеns өкілінің жетілу, өсіп-өркендеу жолынан басталып, XVI ғасырға дейінгі кемелдену тарихын толық қамтыған.

Бірінші кітап төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлімде адамзат тарихының кең шалқары кезең-кезеңімен суреттеледі. Адамзаттың дамуын, дұниежүзің игеруін, ықпалды мемлекеттер құруының көне дәуірден басталған қилы кезеңдерін жан-жақты зерттеп, бұлтартпас тарихи деректерді сөйлете отырып сипаттайды.

Өткенін електен өткізіп, түп-тұқияннан басталған тарихын кең ауқымда білгісі келген оқырман кітаптан адамзат тарихына қатысты тың және соны деректерді молынан кездестіреді. Тарих ғылымындағы жаңа терминдер де дүниежүзі тарихына қызығатын оқырманға пайдалы болады деп сенеміз. Кітап құрылымындағы жалқыдан жалпыға және жалпыдаң жалқыға алма-кезек ауысып отыратын тарихи оқиғалар желісі кітаптың ғылыми-танымдық өрісін кеңейте түседі.

Кітап - ең алдымен, ЖОО студенттеріне арналған. Тарихи танымы мен пайымын тереңдетіп, дүниежүзі тарихын зерттеп-білгісі келетін жалпы оқырманға да оқулықтың берері мол.

 

1.png

          Данн Росс Е.

Раnогаmа: Дүниежүзі тарихы, 2-кітап. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 492 б.

Адамзат пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихи жолын кең ауқымда сипаттайтын бұл оқулық «Раnоrата: Дуниежүзі тарихы, 2-кітап» («Раnоrата а Word  Ніstоrу, Вооk 2») деп аталады. Кітапта XVI ғасырдан бастап, бүгінгі күнге дейінгі тарих толық қамтылады.

Екінші кітап үш бөлімнен тұрады және әр бөлімде адамзат тарихының даму жолы кезең-кезеңімен суреттеледі. Жаңа заман және қазіргі заман тарихынан бүгінгі күнге дейінгі адам баласы жүріп келе жатқан жол осы кітапта жан-жақты және бұлтартпас тарихи деректерді сөйлете отырып сипатталады.

Өткенін електен өткізіп, түп-тұқияннан басталған тарихын кең ауқымда білгісі келген оқырман кітаптан адамзат тарихына қатысты тың және айрықша деректерді кездестіретініне сеніміміз мол. Тарих ғылымындағы жаңа терминдер және атаулар тізбесі де дүниежүзі тарихына қызығатын оқырмандар назарын өзіне аударады. Кітап құрылымындағы жалқыдан - жалпыға және жалпыдаң - жалқыға алма кезек ауысып отырар тарихи оқиғалар желісі кітаптың ғылыми-танымдық сипатын үстей түседі.

Кітап ең алдымен ЖОО студенттеріне арналған. Тарихи танымы мен пайымын тереңдетіп, дүниежүзі тарихын зерттеп - білгісі келген жалпы оқырманға да берері мол.

1.png

Саид Эдуард Уади

Ориентализм. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық қоры, 2019. - 328 бет.

Эдуард Уади Саид «Ориентализм» деп аталатын зерттеуінде ориентализмнің пайда болуын Еуропаның Азия мен Таяу Шығыста ғасырлар бойы үстемдік етуімен байланыстырады. Батыстың Шығыс әлемін қабылдаудағы біржақты әрі үстірт қөзқарасың сынға алып, жан-жақты талдау ұсынады.

Бұл кітап гуманитарлық білімге өзгеше ықпал жасап, постқолониалдық зерттеулерге негіз салды. Автор еңбегінде бұл тақырыпқа арналған көп зерттеулер Шығыстың шынайы келбетін ашып көрсете алмайтынын, Шығыс әлемі жайлы кез келген ой белгілі бір сүзгіден өтіп барып жарияланатынын айтады. Дәлел ретінде Ұлыбритания, Франция, АҚШ ғалымдарының ориенталистіқ мәтіндерін мысалға келтіреді. «Батысқа өзін ерекшелеу үшін оған қарама-қарсы әлем керек болды. Батыс ол үшін Шығысты пайдаланды, өзіне тиімді түсінікті қалыптастыруға күш салды», - дейді автор.

Бұл ауқымды енбек студенттермен катар Батыс пен Шығысқа жаңаша қарағысы келетін барша оқырманға арналған.

1.png

Хилл Чарльз, Халт Томас

               Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке. 12-басылым. - Алматы: Ұлттық аұдарма бюросы. - 2019. - 720 бет.

 «Халықаралык бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке» оқұлығы тұнғыш рет қазақ тіліне аударылды. Бұл - «Халықаралық бизнес» оқулығының 12-басылымы.

Оқұлықта халықаралық нарықтағы бәсекенің қыр-сыры терең зерттеліп, жаһандық және аймақтық мәселелер тең дәрежеде қарастырылған. Жаһандық капитал нарығының тарихы, әлемдік нарықтағы құқықтық жүйенің қызметі, жаһандық сауда және инвестиция ағындары, халықаралық бизнестің құрылымы мен стратегиясы, қаржы менеджменті, халықаралық бизнес функциялары егжей-тегжейлі талқыланған. Осы тақырыптар әр тарауда кейстермен толықтырылып, теория мультиұлттық компаниялар тәжірибесімен өрнектелген. Ең бастысы, окулық халықаралық бизнестегі кәсіпорындарға ұтымды стратегиялық шешімдер ұсынады.

Бұл - болашақта халықаралық бизнеске араласатың студенттер үшін таптырмас оқу кұралы. Оқулық экономика, халықаралық қатынастар, халықаралық бизнес, саясаттану мамандықтарының студенттері мен оқытушыларына, экономика тақырыбында жазатын журналистерге, осы салаға қызығатын қалың оқырманға арналған.

1.png

Котлер Филип, Армстронг Гари

Маркетинг негіздері. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019                              жыл. - 736 бет.

Филип Котлер мен Гари Армстронгтың «Ргіnсірles  оf Маprkеting» - «Маркетинг негіздері» оқұлығы - бұған дейін түрлі саланың құрамдас бөліктері болып келген ақпаратты топтастырып, жүйелеу арқылы маркетингті өз алдына дербес білім саласына бөліп шығарған түбегейлі еңбек. Кітап қазіргі маркетинг аясындағы барлық түсініктер мен процестерге жан-жақты шолу жасай отырып, тұтынушы мен сатушы арасындағы байланысты егжей-тегжейлі қарастырады. Қазақ тіліне аударылған 17-басылым - бұл оқұлықтың 40 жылдық даму тарихының синтезі.

Тұтынушы үшін құндылық қалыптастыру, тұтынушы тарту, оны ұстап тұру, тұтынушыны қандай да бір брендтің тұрақты клиентіне айналдыру жолдары мен тәсілдері, ортадағы өзгерістерге ілесіп, икемделе білу секілді маркетинг міндеттері нақты мысалдар, кейстермен бекітіліп сипатталады.

Кітап экономика, маркетинг, менеджмент, қаржы мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға, осы тақырыпқа қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.

1.png

Бове Куртланд, Тилл Джон Қазіргі бизнес - коммуникация. - Алматы: «Ұлттық

                    аударма бюросы» қоғамдық қоры,2019. - 736 бет.

Коммуникация саласының белгілі мамандары ұсынған қолыңыздағы кітапта бизнес - коммуникацияға катысты маңызды мәселелер, практикалар мен ұсыныстар кең аұқымда талқыланған. Бұл кітаптың 14-басылымы болғаңдықтаң, қалыптасқаң дәстүр жалғасып, оқытуды жеңілдетуге, белсенді білім алуға мүмкіндік беретін, сыни тұрғыша ойлануды жетілдіруге қажет теңдессіз механизмдер жиынтығы енгізілген. Әр тараудағы нақты оқыту мақсаттары студенттерді материалды қабылдауға дайындап, тараудың мазмұның қалыптастыруға негіз болады. Әр тараудың басы мен аяғында жетекші компаниялардағы даму сатылары түрлі мысалдармен беріліп, карьера жасағысы келген және оны әрі қарай дамытуды көздеген бизнес иелері үшін таптырмас бизнес - тәжірибе үлгілері, толымды зерттеулерге бай материалдар ұсынылған. Сонымен қатар медиа, хат, ұсыныс, аудиторияға бейімделу, клиент тарту, оларға көңіл бөлу, жарнама, презентация, резюме, сұхбат туралы тарқатылып, бизнес әлемінде коммуникацияның алар орны ерекше екені кеңінен баяндалған. Сондай-ақ онлайн режимдегі қызметтер де назардан тыс қалмаған. Көпшілік алдында сөйлеу дағдысын жетілдіріп, әсер қалдыруды, өз ойын жеткізуді, қобалжу сезімін жеңуді үйренгісі келетіндер үшін авторлардың берер кенесі мол.

Кітап менеджмент, РК., коммуникация мамандығында оқытын студенттерге, кеңседе жұмыс істеуге қажет маңызды іскерлік дағдыларды қалыптастырғысы келген оқырмандарға, бизнес - карьераға қызығатын көпшілікке арналған.

1.png

Шиллинг Мелисса А.

Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. - 380 бет. «Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент» оқулығында инновациялық менеджмент стратегиялық процесс ретінде қарастырылады.Стратегиялық менеджмент процесін нақты көрсету үшін бәсеке динамикасы, бағалау стратегиясын калыптастыру және стратегияларды жүзеге асыру мән-жайы автордың соңғы онжылдықтағы зерттеу жұмыстары негізінде жан-жақты баяндалады.Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент тақырыбы біздің коғам үшін тың дүние екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, оқулықтың құндылығы айқын көрінеді. Кітап қазіргі сұранысқа сай жазылған. Мәтіндер мазмұнды мысалдармен, тақырыптар кесте, сызбалармен толықтырылған.Оқулык бизнес, инженерлік-технологиялық және басқа да мамаңдықтар бойынша білім алып жатқан студенттерге, ұстаздарға, сондай-ақ жалпы стратегиялық менеджмент, инновациялық технология тақырыптарына қызығатын көпшілік оқырманға арналған.

1.png

НК-менеджментке кіріспе. -Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019 жыл. - 532 бет.

Кез келген ұйымның басты байлығы - адам ресурсы. Ұйым қызметінің нәтижелі болуы, табысқа жетуі де осы ресурсты қалай басқарып, қалай бағыттап, ынталандырып отыруына байланысты. Адам ресурстарын басқару - НК-менеджменттің табыстылығы әр қызметкерді тұтас механизмнің бір бөлшегі ғана емес, жеке адам, құндылықтары, мінезі, өмірліктәжірибесі, арманы мен мақсаты бар дара тұлға деп қабылдаудан басталады.

Қызметкерді жұмысқа қабылдаудан бастап, оның қызмет бабымен өсуі, ұйымның дамуына, табысқа жетуіне үлес қосуы, осы жолда бар білімі мен тәжірибесін пайдалануы, оқуы, жетілуі, дамуы - лсихология, әлеуметтану және менеджмент тоғысындағы ілімнің зерттеу нысаны.

Ник Уилтонның «НR-менеджментке кіріспе» (Аn Introduction to Нuman Resource Мanagement :) оқулығы - осы ілімнің шымылдығын ашатын, ұйымдардағы НR-менеджердің қызметіне бағыт беріп, әр қадамын зерделейтін іргелі еңбек. Қазақ тіліне бұл оқулықты 3-басылымы аұдарылып отыр.

Қітап менеджмент мамандығында білім алатын студенттерге, оқұтушыларға, жалпы оқырман қауымға арналады және қазақ тіліндегі МВА курсының негізгі оқұлықтарының бірі ретінде ұсынылады.

1.png

Роббинс Стивен, Джадж Тимати

 

Ұйымдық мінез-құлық негіздері.- 14-басылым. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық қоры, 2019 жыл - 488 бет.

Ұйымның өзегі - қызметкер. Қызметкерлердің мінез-құлқы әр алуан, әр адам жеке тұлға екенін ескеріп, оның тұлғалық ерекшелігі мен кызметі, ұйымның дамуына қосатын үлесі арасындағы байланысты баскару аса манызды. Қарамағындағы қай қызметкер кандай мінез-құлық көрсететінін, ол жалпы ұжымның кызметіне қалай әсер етіп, ұйымның табысқа жетуіне немесе кері ықпал ететінін білу - әр басшының, әсіресе НR-менеджерді4 міндеті.       

Ұжымды дұрыс басқару, қызметкерлер мотивациясын арттыру, оған кері әсер ететін кертартпа элементтерді анықтау, олармен жұмыс істеу, үздік мінез-құлық үлгілерін анықтап, оларды ынталандыру - психология, әлеуметтану және менеджмент тоғысындағы ілімді меңгеруді талап ететін күрделі жұмыс. Осы күрделі тақырыпқа арналған Стивен Роббинс пен Тимати Джадждың әлемге танымал еңбегінің қазақ тіліне 14-басылымы аударылып отыр.

Кітап менеджмент мамандығы бойынша білім алатын студенттерге, оқытушыларға және осы салаға қызығушылық танытатын көпшілік оқырман қауымға арналады. Сондай - ақ МВА курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.

1.png

Гэмбл Джон, Питереф Маргарет, Томпсон Артур Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019.-536 бет.

 «Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу» оқулығы - студенттерді қазіргі заманғы стратегиялық менеджменттің қыр-сырына баулитын жан-жақты талдау. Әр тарау мәселені терең талқылауымен, келтірілген өзекті мысалдарымен мәнді. Кітапта әлемге әйгілі компаниялардың тыныс-тіршілігінен қызықты мысалдар беріледі.

Түрлі жаттығулар студенттердің алған теориялық білімін ұштауға көмектеседі, симуляциялық ойыңдар курсқа деген ынта-ықыласты арттырады. Кітапта теория мен практика қатар жүреді, екеуі бірін-бірі толықтырып, оқулықтың мазмұнын байытқан.

Жаңа басылым академиялық ортада және менеджмент тәжірибесінде де қолдануға лайық тың әдістеме ұсынады.

1.png

Трагер Роберт

Дипломатия: коммуникация және халықаралық тәртіп негіздері. - Алматы: Ұлтгық аударма бюросы. - 2019. - 256 бет.

Роберт Трагердің бұл кітабында дипломатиялық амал-тәсілдердің халықаралық катынастар жүйесіндегі рөлі қарастырылады. Автор жабық есік жағдайындағы әңгімелесудің халықаралық тәртіп орнату мен соғыстардың басталуына қалай түрткі болатынын ойын теориясына сүйеніп, нақты тарихи мысалдар көмегімен ашып көрсетеді. Кітаптың басты зерттеу нысаны - «құпия дипломатия» және оның механизмдері. Бүл еңбекке Британ империясының көпжылдық дипломатиялық байланыстар тарихынан сыр шертетін «Құпия  жазбалар» деген атпен белгілі мұрағат деректері арқау болған.

Дипломаттар мен мемлекет басшылары өз одақтастары мен қарсыластарының ниет-пиғьлы, мүддесі мен жоспары туралы қалайша ой түйеді деген сұраққа автор айрықша мән берген. Бұл зерттеудің теориялық-эмпирикалық әдістемесінен туындаған тұжырымдардың оқырманға ой салары сөзсіз.

ӘОЖ 327

1.png

ДиМаттео Ларри

 Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 680 бет.

Доктор Ларри Алан Ди Маттеоның бизнес факультеті студенттеріне арналған «Халықаралық бизнес кұқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу» оқу құралының үшінші басылымында халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің түрлі жолдары жан-жақты қарастырылады. Импорт пен экспорт, сауда-саттыққа қатысты дауды шешу, бизнес транзакцияларына қатысты күрделі мәселелер, халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің құқықтық принциптері жүйе-жүйесімен баяндалады.

Сондай-ақ бүл еңбекте халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің түрлі тәуекелдері (валюталық, құқықтық, қаржылық т.б.) мен стратегиялары (делдалдардың кызметін пайдалану, халықаралық банктермен бірлесе жұмыс істей білу, тікелей шетелдік инвестиция, контрсауда және халықаралық сатып алу-сату келісімшарттарын жасау т.б.) кәсіби һәм ғылыми тұрғыдан сараланып, екшеп көрсетіліп, деректер де молынан келтіріледі.

Бұл кітап болашақ кәсіпкерлер мен заңгерлерге ғана емес, сонымен бірге халықаралық сауда-саттық мәселелеріне қызығушылық танытатын оқырманға пайдалы.

«Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта» оқулығы бизнес факультеті студенттерінің халықаралық деңгейде бизнес жүргізуді реттейтін құқықтық принциптерді түсінуіне жол ашады. Бұл кітап заңның сақталуы ғана емес, сонымен катар пайда және бәсекелік артықшылықты қалыптастыру үшін заңды қалай қолдану керектігін ерекшелеп көрсетеді.

1.png

Шо Малколм Н.

Халықаралық құқық. 1-кітап. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық қоры, 2019. - 584 бет.

Бұл кітап - халықаралық құқық тақырыбына арналған аса құнды оқулықтардың бірі. 10 тараудан тұратын бірінші кітапта халықаралық құқық саласындағы ұғымдарға аңықтама беріліп, түрлі құқық жүйелерінің нормалары салыстырылады, өзіндік ерекшеліктері мен басты принциптері сөз болады. Халықаралық құкыктың пайда болуы мен дамуындағы философиялық, әлеуметтік көзқарастар, халықаралық сот процестері мен трибуналдардың қызметтері нақты мысалдар арқылы баяндалады. Халықаралық шарттардың түрлері, шарт талаптары мен міндеттемелері туралы жан-жақты мәлімет қамтылған. Адам құқығын халықаралық деңгейде қорғау, жеке тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі, мемлекеттің аумағы және теңіз құқығы тақырыбында мол мағлұмат береді.

Сегізінші басылымнан қазақ тіліне аударылған бұл оқулық заң факультетінің студенттеріне, халықаралық құқық саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

1.png

 

                Шунк Дейл X.

Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. - Алматы: «Үлттық аударма бюросы» қоғамдық
қоры, 2019 жыл. - 608 бет.

Бұл еңбекте оқыту туралы негізгі теориялық принциптерге, концептілер мен ғылыми-
зерттеу нәтижелеріне жаңаша көзқарастар ұсынылады және оны заманауи мектептерде қол-
дану мәселесіне баса назар аударылады. Кіріспеде оқыту теориялары, зерттеу тәсілдері мен
мәселелері және оқытуды зерттеудің тарихи негіздері қамтылса, кейінгі тарауларда ңейроғылымның білімге ықпалы, әлеуметтік - танымдық оқыту мәселелері, ақпаратты өңдеу теориясы, яғни деректерді кодтау және сақтау, конструктивизм т.б. теориялар талқыланады. Сондай-ақ бұл басылымда технологияға қатысты бөлімдер, әсіресе контекстік әсерлердің маңызын ашатын тақырып тың зерттеу жаңалықтарымен толықтырылған. Қорытынды тарауда студенттер оқу процесі барысында өз бетінше орындауға тиіс тапсырмалар берілген.

Қазақ тіліне жетінші басылымынан аударылған бұл оқулық педагогика, психология ма-мандықтары бойынша білім алушы студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналады.

1.png

Элен Битэм, Рона Шар  Педагогиканы цифрлық дәуірде кайта зерделеу. XXI    ғасырдағы оқыту дизайны. - Алматы: «Ұлтттық аүұдарма бюросы» қоғамдық қоры. - 2019 жыл. - 328 бет.

Бүл оқулықта XXI ғасырдағы педагогиканың дамуы, оқытуды жеке тұлғаға бейімдеу, қолжетімді әрі тиімді жоспарлау мен оны жүзеге асыруға бағытталған жобалар қарастырылады. Оқу қызметін электрондық және мобильді технологиялар контексінде зерттей отырып, авторлар білім берудің техно-бағдарлы болашағын кеңінен баяндайды. Кітаптың «Дизайнның принциптері мен практикасы» деп аталатын I бөлімінде білім алуға және оны жоспарлауға қатысты цифрлық технологиялардың қағидалары мен теориялары егжей-тегжейлі қарастырылып, оларды тиімді қолдану жолдары көрсетілсе II бөлімде дизайнның пәндік қырлары ортаға салынып, мобильді және сымсыз есептеу техникасы саласындағы жетістіктер, тәжірибе жүзіндегі жобалау мүмкіндіктері, күрделі жүйелер мен мобильді оқытуды дизайнға түсіру туралы тың зерттеу жаңалықтарымен толықтырылған. Қорытындылаушы III бөлімде авторлар осы технологияларды болашақта қолдану аймақтарына шолу жасай отырып, оған қатысты нақты үлгілер ұсынады.

Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналған.

1.png

Бейнбриж Жейсон, Гок Никола, Тайнан Лиз

Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. - 592 бет.

 «Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас» - кәсіби журналистиқаның қалыптасу тарихынан бастап, қоғамңың қозғаушы күшіне айналған медиа саласындағы соны өзгерістерді талдаған құнды еңбек. Әлемнің озық жоғары оқу орындары таңдаған кітаптың үшінші басылымы медиа мен журналистиканың өзара байланысына қы- зығушылық танытқан кез келген оқырман көңілінен шығады.

Кітап тілі қарапайым әрі қызықты. Оқулықта медиа мен журналистика ұғымының тарихы, медиаиндустрия өнімдері, медиаға анализ жасайтын тәсілдер, жаңалықты тарату жолдары және медиаконтент, казіргі және келешек коммуникацияның толық анықтамалығы түзілген. Сондықтан жаңалықтар өндірісіндегі идея, ақпарат ағынын шолу, тарату, келіссөз жүргізу сынды процестердің қыр-сырымен танысып, журналистік зерттеудің маңызына көз жеткізуге болады.

Кітаптың басты құндылығы - медиа маманы болуға талаптанған студентті немесе әуесқой блогерді журналистиканың негізгі принциптеріне баулиды. Ақиқатты айту, халықтың ақпаратты білу құқығын құрметтеу этикасынан бөлек медиа маманы ретінде қоғам игілігіне адал қызмет ету жолдарын көрсетеді.

1.png

Лотман Юрий

Семиосфера. - Алматы: «(Ұлттык аударма бюросы» коғамдык коры, 2019.-640 бет.

 

«Семиосфера»- Ю.М. Лотманның семиотика теориясы мен методологиясын, семиосфера кұрылымы мен ерекшеліктерін нақты мысалдармен түсіңдіретің жетінші еңбегі Бұл кітап оны Мәскеу—Тарту семиотика мектебі мен универсал семиотика теориясының негізің салушы ретінде  әлемге танытты.

Автор оқұлыкта тілдердің жойылып кетпеуі мен үнемі қолданыста болуы ұшін қажет коммуникация алғышарттарына тоқталады. Семиотика қеңістігің түгелдей бутін 6ip жуйе немесе ағза peтіңде қарастыруды ұсынады. Сонымен катар семиосфераны сипаттайтын белгілерді, олардын кызметін, семиотикалык процестер мен семиозис құбылысын түсіндіреді. Семиосфераның ішкі құрылымы және заңдылықтарың, өзге де семиотикалык құбылыстарды жатық тілмен жеткізеді.

Кітаптағы монографиялар («Мәдениет және жарылыс», «Ойшыл әлемдер ішінде»), әр жылдары жарык көрген макалалар бүгінгі таңда қайтадан ғылыми қолданысқа еніп, гуманитарлык білім мамандары үшін бағалы дүниеге айналды.

«Семиосфера» студенттер мен педагогтарға, мәдениет тарихшыларына, тіл мен әдебиет мамандарына және мәдениеттін сан катпарлы кубылыстарына кызытушылык танытатын барлык зерттеушілер кауымына арналған.

1.png

Янсон Tope

Tіл тарихы: Kipicne - Алматы: «Ұлттык аударма бюросы» коғамдык коры, 2019. - 244 бет.

Бұл кітапта ежелгі дүниеден тартып, уақыт ағысына ілесе отырып, бүгінгі күнді көктей өтіп, алыс болашаққа шолу жасайтын тілдердің жалпы даму тарихы баяндалады. Тілдер қалай қалыптасып, қалай жойылады, олардың тағдыры неліктен әрқилы деген мәселе, түптеп келгенде, тілдерді қолданатын халықтың тіршілігімен тікелей байланысты. Былайша айтқанда, тіл мен тарих - бір-6ipiмен сабақтаса байланысқан егіз құбылыс. Демек, тарихи оқиғалар да халықтың сөйлеу тіліне байланысты өрбиді. Бұл енбекте тілдің тарихтағы рөлін көрсету ұшін, әлемдегі тілдерге катысты үлкен мәселелермен катар, көпшілікке көп белгілі емес, қалтарыста қалып келген тақырыптар да қамтылған.

Оқырман кытай, грек, араб, латын, ағылшын, испан, португал, мысыр, герман және славян тіллдері тәрізді кен тараған ipi тілдермен катар, африка тайпалары мен австралиялык бушмендер сөйлейтің хойсан және банту тобындағы усак тілдсрдін пайда болу тарихы мен сыр-сипатына да канық болады.

Бұл енбек ЖОО тарих, лингвистика және шет тілдері факультеттері студенттеріне оқұлык ретінде арнайы жазылған.

1.png

Райан Майкл

Әдебиет теориясы: Кіріспе. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019.-292 бет.

Бұл оқулықта әлемдік әдебиеттану ғылымының өзекті тақырыптары саналатын - орыс формализмі, жаһандану, таным, эмоция, эволюция, әдебиет сыны мен теориясының мақсатары және олардың нейробиологиямен қарым-қатынасы сияқты аса ауқымды теориялық ұғымдар кеңінен және терең сараланған. Еңбек құрылымы америкалық және орыс формализмінен басталып, хронологиялық, эвристикалық сипапа берілген. Жаңашылдықты басты мақсат еткен ғалымдар осы кезге дейін жүйелі әңгіме арқауы болмаған өзекті мәселелерді молынан қамтып, іріктеп топтастырған.

Кітапта структурализм, постструктурализм бағыпары зерделенеді. XX ғасырдың 50-60-жылдары туындап, 70-жылдары дами түскен ағымның негізгі өкілдері - М.Фуко, Ж.Бодриар, Ж.Деррида, Л.Альтюссер, Ю.Кристева, Ж.Лакан, Р.Барт, Ж.Делөз, Ж.Лиотарлар әдебиет, саясат, лингвистика, философия, мәдениет салаларына жаңа леп әкелу мақсатында философиялық әрі әдіснамалық дүниетаным ретінде постструктурализм сынына ерекше көңіл бөлді. Әдебиетанудың осындай өзекті мәселелері көрнекті шығармалар мысалында талданып, жатығуларымен қоса берілген.

Оқулық әдебиетану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студентеріне, магистрантары мен докторантарына, философтар мен мәдениетанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

1.png

Әдебиет теориясы: Антология. 1-том /Джули Ривкин мен Майкл Райанның редакциясымен. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. - 568 бет.

Бұл оқулық қазақ оқырмандарын әлемдік әдебиет теориясының тың зерттеу бағыттарымен таныстырады. Шығарманың мазмұнын ғана зерделеп қоймай, оны тілдік тұрғыдан талдаудың сан қырлы әдістерімен сараланған мақалалар - біздің сыныларымыз бен оқырмандарымыз үшін де таптырмас үлгі. Оқулықта структурализм, постструктурализм, лингвистика, нарратология, феноменология, әпирикалык зерттеулер бағытындағы құнды пікірлер мен тың көзқарастар топтасқан. Сонымен катар бұл еңбекте телевизиялық сериалдарды талдаудың айрықша зерттеу тәсілдері де сөз болады.

Әдеби мәтіндерді қабылдау және шығармаларды теориялық тұрғыдан зерделеу, оқырманның әдеби талғамы, адамзат дамуындағы әдебиеттің алар орны да кеңінен зерделенеді.

Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

1.png

Гомбрих Э.

Өнер тарихы. Алматы: Ұлттық аударма бюросы. - 2019 жыл. - 680 бет.

Австрия және ағылшын тарихшысы, беделді өнертанушы Эрнст Гомбрихтің «Өнер тарихы» алғаш рет 1950 жылы басылған. Содан бері әлемдік бестселлерлер қатарында аталатын, Өнер тарихына арналған еңбектердің ішіндегі ең танымалы саналатын туынды 16 мәрте қайта басылып, әлемнің 30 тілінде 8 миллион данамен таралған. Кітапта тасқа салынған ежелгі кескіндерден бастап, қазіргі кезеңге дейінгі өнер тарихына жан-жақты шолу жасалады. Жас оқырманға арналып жазылған «Өнер тарихы» - оқушылар мен студенттерді аталған пәнмен таныстыратын кіріспе оқулық әрі өнерге қызығушы көпшілікке тартымды ғылыми танымдық еңбе

1.png

Кенни Энтони

Батыс философиясының жаңа тарихы, 3-том, Қазіргі заман философмясынын бастауы. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019.- 412 бет.

 

Философияның түп-тамырынан қазіргі күнге дейінгі төрт томдық тарихының үшінші томы «Тһе Rise of Modern Philosophi» - «Қазіргі заман философиясының бастауы» деп аталады. Бұл том әлемдік ой тарихының XVI ғасырдың басынан XIX ғасырдың алғашқы жылдарына дейінгі кезеңін қамтиды.

Бұл томның бастапкы үш тарауында сол кезеңнің ойшылдарына хронологиялық шолу жасалады. Қалған тарауларда олардың өзекті де нақты философиялык такырыптарды талқылауға қоскан үлесі карастырылады. Философия ежелгі заманда және орта ғасырларда қалыптаскаң ең кұнды деген кұралдардың кейбірінен бас тартса да, осы үшінші томда камтылатын кезең философтары тұрақты кұндылықтарды орнықтыра түсуге комакты үлес қосты. Олар осы том тарауларында терең талданып, айқын сипатталды.

Бұл том, ен алдымен, бакалавриаттың екінші және үшінші курстарына арналған. Оған қоса, бұл кітап философия ілімін танып-білуге талпынған қауымның қай-қайсысына да өте пайдалы.

1.png

Ли Энн Пек, Гай С. Рил

Медиа этика. Жас мамандардың тәжірибесінен. Алматы: ¥лттық аударма бюро- сы. - 2018 жыл. - 304 бет.

Бүл кітап студенттер мен жас мамандарға бұқаралық ақпарат құралдары саласында кездесетін этикалық мәселелерді шешу жолдарын көрсетуге арналған. Еңбекке жарнама, жаңалықтар, қоғамдық қатынастар саласында жұмыс істейтін жас мамандар тап болған күрделі мәселелер мен шынайы оқиғалар арқау болған. Әрбір жағдаят кеңінен баяндалып, қатысушылар әрекеті арқылы жан-жақты ашылып көрсетіледі. Сондықтан оқырман «Мұндай жағдайда мен не істер едім?» — деген ой үстінде болады.

Кіріспе материалда философиялық толғамдар мен теориялық тұжырымдарға, моральдық мәселелерге де орын берілген.

Кітап — студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен оңтайлы ұштастырып, өмірде кездесетін тосын, күрделі мәселелерден жол тауып шығуға баулитын тағлымды еңбек.

1.png

 Уоллейс П.Интернет психологиясы. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. - 356 бет.

 

Патрисия Уоллейстід «Интернет психологиясы» киберкеңістіктің психологиялық қырлары, интернеттің адам мінез-құлқына әсері туралы күрделі мәселелерді қарастырады. Екінші басылым классикалык және заманауи зерттеулерге сүйене отырып, интернет технологиясындағы жана үрдістерді - онлайн-танысу, онлайн-агрессия, топтық динамика, бала тәрбиесі, проәлеуметтік мінез-құлық, онлайн ойындар, күпиялық және бақылау, желіге тәуелділік пен желіні қалыптастырудын стратегияларын зерттейді.

Әдетте, адам өзіндік менін сырт көзге жақсы әсер қалыптастыру арқылы көрсетеді. Бірақ бұл оның шынайы бейнесі ме? Онлайнда ашық-жарқын адам оффлайнда да сол қалпын сақтай ма? Осындай қызықты мәселелерді белгілі әлеуметгік психологтардың дәстүрлі зерттеулерімен салыстыра таразылайды. Онлайнда өзгенін басындағы жағдайды, жан-дүниесіндегі арпалыстарды, жалғыздықты, көпшіл-бауырмал болуды түсіну мәселеріне де автор терең көз жүгіртеді. Онлайн-орта қалыптастыратын топтарға конформдылык, топ пікірін қабылдауға бейімділік те адам жаратылысының бір қыры екені жан-жақты мысалдармен дәлелденген.

Оқулық жоғары оқу орнының студенттеріне де, жалпы психология мен интернет психологиясына қызығушылығы бар кез келген оқырманға да таптырмас көмекші құрал бола алады.

1.png

Пинкер Стивен

               Тіл - инстинкт. -Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл. - 386 бет.

Гарвард университетінің профессоры Стивен Пинкер - ғылыми зерттеулері мен еңбектері үшін түрлі марапаттар мен сыйлықтарға ие болған әлемге танымал ғалым. Зерттеушінің «Тіл - инстинкт» атты бүл кітабы қоғамда қызығушылық тудырғаны үшін Америка психология қауымдастығының және Америка лингвистика ұйымының сыйлығымен марапатталған.

Бүл классикалық еңбек көпшілік ойындағы тілге қатысты сан түрлі сұраққа жауап береді. Зерттеуші тіл ғылымы саласындағы тіл мен сананың байланысы туралы соны жаңалықтар мен ғылыми ортаның соңғы жетістіктерін талдап, тілдің қызметі қалай жүзеге асатынын, баланың тілді қалай үйренетінін мысалдар арқылы егжей-тегжейлі түсіндіріп, дәлелді де нақты тұжырымдар жасайды.

Оқулық жоғары оқу орындары студенттеріне, тіл біліміне және психологияға қызығушы көпшілікке арналған.