Skip to main content
x

Academica

Тірк. номер

561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP
ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ АРҚАСЫНДАҒЫ БІЛІМНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ (АСADEMICA)

Сипаттамасы: мақсаты иновациялық оқыту әдісіне және халықаралық озық жобалар аясында үлкен тәжіриебесі бар еуропалық ЖОО, сонымен қатар Орталық Азияның (ОА) аталған тәжәрибе мен жетістіктерде қажеттілігі бар ЖОО одақтасуы болып табылады.


Накты міндеттері/мәселелері: Орталық Азияның (ОА) 7 – ші аймағының оқыту бағдарламаларын модернизациялау арқылы ОА жоғарғы білім беруін гармонизациясы мен қолжетімді етуін қамтамасыз етуге  ACADEMICA жобасы аясында ерікті түрде ЕО тәжіриебесіне жақындауға ықпалын тигізуге бағытталған жобасы инженерлік зерттеулерді жүргізу барысында жүзеге асады.


Инновациялық сипаты:
1.    Инновациялық әдістеме: ACADEMICA треннгтері әдіснама мен құрамның интеграциялануына бағытталады. Тренингтер лекторлардың негізгі және айқас қабілеттері мен дағдыларын қамтамасыз етіп,  цифрлық және жаһандық оқу кеңістігіне белесенді түрде енуіне мүмкіндік береді.
2.    АКТ негізінде білім берудегі мүмкіндіктер: АКТ қолдану арқылы оқытудың мүмкіндіктеріне икемді қолжетімділікті қамтамасыз ету.
3.    Инженерлік ғылымдар саласында жаңа құрамды, модернизацияланған қазіргі заманғы тәсілдері бар, технологияларға негізделген университеттік бағдарламалар.
4.    7 – ші Аймақ жоғары оқу орындарының потенциалын нығайту мақсатында университеттер мен іскер топтардың арасында трансұлттық серіктестік жүйесін құру, сонымен бірге бизнес, инновация және білім берудің өзара әрекеттесуін жетілдіру.


Жоба барысында еуропалық құндылықтарды көрсету арқылы жоғары білім беру саласына, іскер топқа және қоғамға қысқа және ұзақ мерзімді артықшылықтарды құру:
- ЕО – тан тыс аймақтарда жалпы еуропалық стандарттарды мойындау;
- Білім бері – бизнес – қоғам арасында байланысты нығайту;
- Қатысушы елдер арасында мәдениет аралық диологты жақсарту;
- Қол жетімді және тегін білім беру ресурстарын қамтамасыз етуге ықпалын тигізу;
- Әртүрлі салалардағы Еуропалық Одақ пен Орталық Азия эксперттерінің өзара ынтымақтастығының көмегі арқасында тәжірибе мен озық әдістерді жалпылау және алмастыруды ынталандыратын жалпы қағидаларды қамтамасыз ету

Рольдер коды

Ұйым атауы

Қатысушы ел

 

 

1

Грантхол-дер

Бургас еркін университеті

BG Болгария

 

2

Серіктес

Иоаннеум Гезельшафт атындағы жоғарға мектеп

AT Австрия

 

3

Серіктес

Ақпараттық технологиялар халықаралық университеті

KZ Қазақстан

 

4

Серіктес

Қазақстанда инженерлік білім беру ассоциациясы

KZ Қазақстан

 

5

Серіктес

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

KZ Қазақстан

 

6

Серіктес

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

KZ Қазақстан

 

7

Серіктес

Өзбекстан Республикасынығ жоғары және орта арнайы білім беру Министрлігі

UZ Өзбекстан

 

8

Серіктес

Министерство образования и науки Республики Казахстан Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым министрлігі

KZ Қазақстан

 

9

Серіктес

Самарканд ауылшаруашылық институты

UZ Узбекистан

 

10

Серіктес

Ш.Уәлиханова атындығы Көкшетау мемлекеттік университеті

KZ Казахстан

 

11

Серіктес

Ақпараттық технологиялар Ташкент университеті

UZ Өзбекстан

 

12

Серіктес

Түркмен мемлекеттік  мәдениет институты

TM Түркменістан

 

13

Серіктес

Түркмен мемлекеттік  қаржы институты

TM Түркменістан

 

14

Серіктес

Гульельмо Маркони атындағы университет

IT Италия

 

15

Серіктес

Валенсия политехникалық университеті

ES Испания

 

16

Қауымд.
Серіктес

Ақмола облысы бойынша «ЖасОтан» Фонд» КФ

KZ Қазақстан

 

17

Қауымд. Серіктес

Халықаралық қатынастар институты

TM Түркменістан

               

 



Түрікменстан мемлекеттік мәдениет институтында өткен ERASMUS +KA2 ACADEMICA жобасы шеңберіндегі семинар-кеңесу  

    2018 жылғы 20-26 мамыр аралықта Түрікменстан мемлекеттік мәдениет институтында (Ашхабад, Түрікменстан)  561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP (АСADEMICA) оқу бағдарламаларын жаңғырту және әзірлеу арқылы Орталық Азиядағы жоғары білім берудің қолжетімділігі мен үйлелестіру жобасы шеңберінде еуропалық жобаларды басқару бойынша семинар- кеңесу өтті.
    Бірінші жұмыс күні, 2018 жылғы 22 мамырда ректор, проректорлар мен жұмыс тобының Болгария мен Қазақстанның делегациясымен ресми кездесуі өтті. Осы іс-сапардың негізгі мақсаты - АСADEMICA жобасы шеңберінде Түрікменстан мемлекеттік қаржы институтында зертхана ашу. Кездесу барысында университет өкілдері жобаны қаржыландыру аясында алынған жабдықпен таныстырды. Сонымен қатар, кездесудің бірінші күнінде жоба аясында жетілдірілген оқу бағдарламасы бойынша білім алған оқытушылармен және студенттермен кездесу өтті.
    Осы іс-сапар барысында Бургас еркін университетінің үйлестірушілері  (Болгария), Ш. Уәлиханов атындағы КМУ өкілдері мен Түрікменстан мемлекеттік қаржы институты жұмыс тобының кездесуі өтіп, жобаны басқару, ЖОО-да жабдықты алу және орнату жөнінде баяндамалар тыңдалды, білім беру бағдарламалары және жобаға қатысатын студенттердің іріктелуі тақыланды.
     Екінші күні, 2018 жылғы 23 мамырда Түрікменстан мемлекеттік мәдениет институтында АСADEMICA жобасы зертханасының ашылуы өтіп, университет өкілдері алынған жабдықпен танысты және жобаның жетілдірілген оқу бағдарламалары бойынша оқыған оқытушылармен және студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Осы іс-сапар барысында Бургас еркін университетінің үйлестірушілері  (Болгария), Ш.Уәлиханов атындағы КМУ өкілдерінің және Түрікменстан мемлекеттік мәдениет институтының жұмыс тобының кездесуі өтіп, жобаны басқару, ЖОО-да жабдықты алу және орнату жөнінде баяндамалар тыңдалды, білім беру бағдарламалары және жобаға қатысатын студенттердің іріктелуі тақыланды.
    Үшінші күні, 2018 жылғы 24 мамырда Түрікменстандағы Эразмус + Ұлттық үйлестірушісі Айна Чореклиевамен кездесу өтті. Кездесу барысында алдағы жылдарда еуропалық бағдарламалар шеңберіндегі ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ бірлескен жобалар жазу мәселелері талқыланды.
    Жұмыс күндерінің соңында жоба үйлестірушісі Мария Монова-Желева кездесулерді қорытындылады.

120620181503_1.jpg

120620181503_1.jpg

120620181503_1.jpg

120620181503_1.jpg

120620181503_1.jpg


ERASMUS +KA2 ACADEMICA жобасы әріптестерінің Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіндегі кездесуі,
Алматы қ.

    Жоба әріптестерінің кездесуі 2017 жылдың 22-25 қарашасы аралығында өтті. Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) семинарды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты болып тағайындалды.
ХАТУ командасы кездесуді өткізетін орын ретінде Қазақстан курортын  таңдап алып, онда  барлық техникалық құралдармен жабдықталған кездесу өткізу үшін  қолайлы залды ұсынды.
Бірінші күні – 2017 жылғы 23 қараша кездесу аясында қарастырылуы тиіс мәселелерді шолудан басталды, сондай-ақ грантхолдер өкілі (Бургас Еркін Университеті) Мария Монова-Желева жұмыс жоспарымен таныстырып, жобаның жұмыс пакеттерінің иелерімен өткізілген іс-шараларға  шолу жасады.  
1 мәселе: Жоба шеңберіндегі эксперименттік жұмыс пен жаңартылған пәндер негізделетін платформалардың жабдықталуы.
Әрбір әріптес платформалардың жай-күйі мен  Қазақстан және Орта Азия университеттерінде ашылған зертханалардың жабдықталуы туралы есеп ұсынды. ЖОО зертханалардың тұсаукесерлерін назарға ұсынып, жаңартылатын пәндер бойынша оқу платформаларына шығу жолдарын көрсетті.
Келесі маңызды есеп, біздің ойымызша,  жаңартылатын пәндердің ай сайынғы мониторингіне қатысты болды, ЖОО осы пәндер бойынша білім алған студенттердің кері байланыстары нәтижелерінің скриншоттарын ұсынды.
Жобаның елдік үйлестірушісі Ә.А.Қақабаев (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті) РП-4 бойынша есеп ұсынып, онда жоба нәтижелері туралы ақпарат беру ерекшелігін атап өттті. АКАДЕМИКА жобасының маңызды нәтижесі – бұл білім алушылар мен оқытушылардың біліммен, қабілет және машықтармен алмасуы үшін пайдаланылатын платформалардың болуы. Жобаға қосылған барлық оқытушылар платформаларда өздерінің силлабустары мен оқу-әдістемелік кешендерін орналастырды.
Барлық әріптестермен қарастырылған 2 мәселе де екінші семестрде (жазғы) эксперименттеуге жататын пәндерді ұсынуға қатысты болды.
Екінші күн – 2017 жылғы 24 қараша ХАТУ жобасының әріптестерімен ұйымдастырылды және университетті аралаудан басталды.
Университет фойесінде студенттердің инновациялық жұмыстарының көрмесі қойылды. Жүзеге асуы үшін профессор-оқытушы құрамы тарапынан үлкен кәсіби көмек көрсетілетін студенттердің ең батыл идеяларын іске асыру үшін барлық мүмкіндіктердің бар екенін атап өткен жөн. Бұнда біз вотсап жүйесі арқылы құжаттарды қағазда басып шығаратын жүйені де көрдік.
Кездесу соңында жоба бойынша жұмыстың келесі кезеңдері талқыланды, сондай-ақ барлық қатысушыларға қатысқаны туралы сертификаттар берілді.

040420181528_1.jpg

040420181528_1.jpg

040420181528_1.jpg


22.11.2017

Бургас Еркін университеті (Болгария) грантхолдерлерінің EU Erasmus + АСADEMICA жобасы бойынша сапары

Толығырақ оқу...

 

«ОҚУ  БАҒДАРЛАМАЛАРЫН  ЖАНАРТУ МЕН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ  ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ  ҚОЛЖЕТІМДІ ЕТУ ЖӘНЕ ҮЙЛЕСТІРУ» (AСADEMICA)» Халықаралық жобаның аясындағы бірінші ұлттық іс-шара


2016 жылдың 7 желтоқсанында Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетте «Оқу  бағдарламаларын  жанарту мен дамыту арқылы  Орталық Азиядағы жоғары білімді  қолжетімді ету және үйлестіру» (AСADEMICA)» Халықаралық жобаның аясындағы бірінші ұлттық іс-шара өткізілді.
Кездесуге «Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» және «Тау-кен ісі» кафедраларының студенттері мен оқытушылары, инжинерлік және технологиялық ғылымдар саласындағы Ақмола облысының кәсіпорындары мен мекемелерінің әлеуетті жұмыс беруші өкілдері қатысты.
Олардың көпшілігі біздің университеттің түлектері және университетпен ынтымақтасуға қуана келісетіндіктерін деп атап өтті. Іс-шараға сондай-ақ белсенді жұмыс берушілер қатысты,олар: ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің Көкшетау техникалық институты , Ақмола облысындағы «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығындағы педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институтының филиалы,   Ақмола ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ, «Цесна Банк» АҚ Көкшетаудағы филиалы және ҚР Инвестиция және даму министрлігіндегі «Севказнедра»  Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті.
Бірінші ұлттық іс-шара «(AСADEMICA) оқу бағдарламаларының жаңғырту және дамыту арқылы Орталық Азиядағы жоғары білім берудің қолжетімділігі мен үйлесімділігі.» жобасының негізгі ережелерін түсіндіру және тарату мәселелеріне арналған. Жұмыс тобымен мынадай ұйымдастырушылық және әдістемелік іс-шаралар ұйымдастырылды:
- әлемдік жоба үйлестіруші Какабаев Ануар Аязбаевич халықаралық жобалардың стратегиясы мен дамуын таныстырды;
- тьюторлар  А.А. Шаяхметова мен Г.С. Мурадилова  жобаның методологиялық және қолданбалы ерекшеліктері туралы әңгімеледі;
- инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын жаңғырту мен жаңарту үшін лектор ретінде қатысатын оқытушылар анықталды;
- жоба бойынша экспериментке қатысатын «Техника және технология» факультетінің  1 және 2 курс студенттерінің тізімі бекітілді;
- жаңарту және жаңғыртуға жататын  материалдық-техникалық базасы: зертханалар, веб-ресурстар, компьютерлік бағдарламалар және т.б. анықталды:
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы өздерінің кәсіби біліктілігі мен білімдерін көрсеткен студенттердің белсенді қатысуын атап өтуге болады.


 

ACADEMICA жобасы іске қосылды


Дәстүрлі «Шоқан оқулары» биыл университеттің 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. 2016 жылдың 30 қыркүйегі күні болған Халықаралық конференция секция жұмысымен аяқталды.
«Техникалық ғылымдар» секциясының өту орны:  Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің №2 оқу ғимараты, 213 аудитория. Өткізу мерзімі: 11.30 – 13.00.
Төраға: Абсалямов Х.К., т.ғ.к., доцент (Қазақстан, Көкшетау).
Хатшы: Хан С.И., т.ғ.к, доцент.
«Техникалық ғылымдар» секциясының жұмысына отандық, сондай-ақ жақын және алыс шетел ғалымдарының 35 ғылыми мақаласы берілді.  Оқытушылар, магистранттар мен студенттер Эразмус+ бағдарламасы бойынша халықаралық жобаға арналған баяндамаларды ерекше зейін сала тыңдады. Бұлар келесі тақырыптардағы мақалалар: «A training path for innovation and modernization of higher education curriculum in Central Asia» (Микела Трамонти);«Академика» жобасы бойынша сұхбаткерлерден сауалнама алу нәтижелері туралы (Шаяхметова А.А.),  «ACADEMICA жоба шеңберінде АКТ-құзыреттілікті қалыптастырудың кейбір технологиялары» (Мұрадилова Г.С.)
Хавьер Родриго Иларри (Испания, Валенсия  политехникалық университеті, «Гидротехника және инженерлік экология» кафедрасының профессоры, Артуро Лавале (Италия, Гульельмо Маркони университеті,  ACADEMICA жобасының жұмыс тобының мүшесі сияқты арнайы шақырылған  ғалымдар   «Техника және технология» факультетінің оқытушылары мен магистранттарының ғылыми баяндамаларына ерекше қызығушылық танытты.
Секция жұмысы қызықты нәтижелі өтті. Конференцияға қатысушылардың баяндамалары ЕО пен әріптестердің  университеттерде оқытудың ең озық үрдістеріне қолдау таныту, сондай-ақ білім беру ортасында  ACADEMICA  жобасы аясында іске асырылатын іс-шаралар туралы хабардарлықты арттыру мақсатындағы бірлескен жұмысы туралы  ақпараттылықты арттыруға мүмкіндік берді.

 

561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP
«Орталық Азиядағы оқу бағдарламаларын әзірлеу және жаңғырту
арқасындағы білімнің қолжетімділігі мен үйлесімділігі»(АСADEMICA) жобасы бойынша мониторниг


2016 жылдың 29 қыркүйегінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Орталық Азиядағы оқу бағдарламаларын әзірлеу және жаңғырту арқасындағы білімнің қолжетімділігі мен үйлесімділігі» (АСADEMICA) еуропалық білім беру жобасы бойынша мониторниг өтті.
Мониторингке  жобаның Қазақстан мен Еуропа бойынша серіктестері, атап айтсақ, Валенсия Политехника университеті (Испания), Гульельмо Маркони атындағы университет (Италия), А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қазақстанның инженерлік білім беру қауымдастығы, “КаzakhstanInnovations“ ҚҚ, сонымен бірге Эразмус+ Ұлттық кеңсесінің сарапшысы қатысты. Мониторнигке Бургасс Еркін университетінен (Болгария) жобаның бас үйлестірушісі Мария Монова-Желеваиз де он-лайн режимде қатысты.
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ ректоры Ә.Ә.Әбжаппаров мониторингке қатысушыларды құттықтап,  АСADEMICA жобасының еліміз үшін маңыздылығы жайында айтып кетті.
Мониторингті өткізудегі негізгі мақсат - АСADEMICA жобасының қазіргі уақыттағы іске асыру кезеңдерін бағалау, сондай-ақ,  АСADEMICA жобасының логикалық-құрылымдық матрицаға сәйкес жетістіктері мен нәтижелері бойынша ақпарат алу, жоба іске асырылып жатқан нақты жағдаймен танысу.

Мониторингте Гульельмо Маркони университетінен (Италия) келген серіктес МикелеТрамонти Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасындағы ролі туралы баяндамасын назарға ұсынып, жобадағы университеттердің өзара ынтымақтастығының негізгі сипаттамасын айқындады.

Жобаның елдегі үйлестірушісі Ә.А. Қақабаев жобаның өзекті мәселелері жайында сөз сөйледі. Ә.А. Қақабаев баяндамасында жобаның миссиясы, мақсаты, өзектілігі және оның дизайнымен таныстырды. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің жоба бойынша оқу үйлестірушісі А.А.Шаяхметова инженерлік және техникалық бейіндегі мамандарды даярлау  жай-күйі мен келешегі жайында институционалдық есептер мен сауалнама нәтижелерін көрсетіп, жобаның тиімділігі жайында баяндама жасады.
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің жоба бойынша оқу үйлестірушісі И.В. Субботина жобаның нәтижелігі жайында баяндады. И.В.Субботина өз баяндамасында осы уақытқа дейін жоба бойынша атқарылған барлық жұмыс пакеттерінің нәтижелермен таныстырды. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің жергілікті үйлестірушісі Г.Д. Закирова жобаның тұрақты даму әлеуеті жайында баяндады. Жобаның жұмыс тобының мүшесі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің өкілі Г.С.Мурадилова жобан тарату стратегиясы және барлық серіктестердің жобаны тарату бойынша атқарған жұмыстары жайында ақпарат берді. ҚМПИ-нан келген жергілікті үйлестіруші  М.В. Сухов та жобаның тұрақты даму әлеуеті жайында баяндамасында айтып берді. Ол барлық деңгейлердегі, атап айтсақ, мемлекеттік, аймақтық және университеттік деңгейлердегі жетістіктердің  жобаның әлеуетті көрсеткіші болғанын  атап көрсетті.
Мониторинг барысында жобаның жүзеге асырылуы, әзірленген материалдар мен жоба нәтижелерінің таратылуы жайында қысқаша өзін-өзі бағалау есебі ұсынылды.
Кездесу соңында Эразмус+ Ұлттық Кеңсесінің сарапшысы М.Н.Наренова қорытынды жасап, жобаны бұдан әрі қарай іске асыруға қажет мәселелермен таныстырып, алынған нәтижелерді атап өтті.

 

Erasmus+ KA 2 ACADEMICA жобасы бойынша екінші кездесу
 

2016 жылдың 4 шілдесінен 5 шілдесіне дейін Валенсия политехникалық университетінде (Испания) EU ERASMUS+/KA2/CBHE ACADEMICA - 561553 – EPP – 1 – 2015 – 1 – BG – EPPKA 2 - CBHE – JP «Орталық Азиядағы оқу бағдарламаларын әзірлеу және жаңғырту арқасындағы білімнің қол жетімділігімен үйлесімділігі» жобасы бойынша екінші кездесу өтті. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен қатысқандар: АЖ және БҚ кафедрасының аға оқытушысы, жобаның жұмыс тобы мүшесі Мурадилова Г.С., жобаныңоқу үйлестірушісі Шаяхметова А.А., жобаның елдік үйлестірушісі Қақабаев А.А. және жобаның жетекшісі, бірінші проректор Жарқынбеков Т.Н.
       Аталған кездесуде Орталық Азиядан қатысушылар Орталық Азия мемлекеттеріндегі жоғарғы мектептегі оқу үрдісінде инженерлі мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын ендіру процесі дамыту жөнінде оқытушы-ғалымдар жоспарлаған стратегиялық көзқарастарын талқылады.
       Жобаның жетекшісі, бірінші проректор Жарқынбеков Т.Н. Қазақстанның жоғарға оқу орындарында білім беру бағдарламаларын ендірудің негізгі ережелерімен таныстырды. Қазақстаннан жобаның елдік үйлестіруші Ә.А.Қақабаев Ұлттық есеп туралы презентация жасады. Жобаныңоқу үйлестірушісі Шаяхметова А.А. және АЖ және БҚ кафедрасының аға оқытушысыГ.С.Мурадилова ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық білім беру ерекшеліктерінешетелдік әріптестердің назарын аударды, сонымен қатар дискуссияларда белсене қатысты.
Кездесу барысында Испания, Италия және Австрия өкілдерінің мәлімдемелері тыңдалды. Жобаның жұмысы туралы пікір алмасу режимінде Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан серіктестері белсенді қатысты. Жобаның бірінші кезеңінде барлық университеттер сауалнама жүргізді және аталған кездесуде сауалнамалар бойынша қорытындылар шығарылды. Жасалған мониторинг негізінде жобаның грант үйлестірушісі Мария Монова - Желева білім беру бағдарламалары стандарттарын бейімдеу бойынша одан әрі жоспарлау жұмыстарын ұсынды.
       Жалпы кездесудің нәтижесі жобаның негізгі мақсатын жүзеге асырудың жаңа әдістерін қалыптастыру болып табылады.
Кездесудің соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

academica_1611.jpg