Skip to main content
x

АЭИның С.Садвакасов атындағы кітапханасы

С.Сәдуақасов атындағы Аграрлы-экономикалық институт.

С.Сәдуақасов атындағы Аграрлы-экономикалық институтының кітапханасы Ш. Уәлиханов атындағы КМУ кітапханасының құрамдас буыны болып табылады. Кітапхана жұмысындағы басымды бағыт - егеменді Қазақстанның саясатын насихаттау, кітап байлығын жаңа адамға білім беруде және оны тәрбиелеуде толық пайдалану.

Негізгі міндеттер: 

  • оқу мен ғылыми қызметтердің кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қамсыздандыру; 
  • кітапхана қорын жинақтау және сақтау;
  • каталогтарды жүргізу;
  • ақпараттық-кітапханалық процестерді автоматтандыру. 

Бүгінгі таңда, оңтайландырудан кейін кітапханада екі бөлім жұмыс ітейді: абонемент және оқу залы. Кітапхана қоры әмбебап және мамандықтар бейініне сәйкес келеді. «Студенттер үйі» жатақханасында  оқу залы жұмыс істейді. Институт әкімшілігі мен кітапхана қызметкерлерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде қазір кітапхана қорында университет бейініне сәйкес келетін 120000-нан артық баспа және электронды басылым бірлігі сақталуда.

Бұқаралық жұмыс түрінің барлығы қолданылады: көрмелер, ашық қарап шығу, ақпараттық және тақырыптық шолулар, мамандар, кафедралар күні, диплом жазушы апталығы, өнертабыстардың тұсау кесер рәсімдері, әдеби кештер және т.б. Қолданысқа топтық қызмет көрсету, ақпаратты таңдап тарату, жоғары мектеп мәселелері бойыша басшылық құрамға диффренциалды қызмет көрсету сияқты жаңа прогресивті әдістер енгізіледі. Студенттер қажетті кітапханалық-билиографиялық білім алу мақсатында кітапханалар дәрістер мен практикалық сабақтар өткізеді. Қызмет көрсету тиісті дәрежеде жасалу үшін, өзіміздің пайдаланушыларымызбен үнемі байланыста боламыз. Оларға кітапханалық-билиографиялық сабақтар, кітапхана бойынша саяхаттар, кітапхана қызметкерлерімен кездесулер өткізіледі.

         Барлық ұжымның аянбай және нәтижелі жұмыс жасау арқасында кітапхана жетістіктер мен табыстарға қол жеткізді. Бөлімдердегі Сердобинцева Ирина Владимировна, Ниязбекова Майнур Ескендировна, Мукушева Арша Есенгельдиновна, «Студенттер үйі» жатақханасы оқу залының қызметкері Әубәкірова Бахыт сияқты қызметкерлердің нәтижелі жұмысын атап өтуге болады. Кітапхана ұжымы кітапханалық жұмыстың заманауи талаптарына сай болу үшін барлық күшін салады.

b19042019117_0.JPG

b19042019113_0.JPG

b19042019114_0.JPG