Skip to main content
x

Ақпаратты сатып алу және өңдеу бөлімі

Қордың жинақталуы барлық мамандықтардың оқу жоспары, пәндер бойынша кафедралардың оқу жоспарлары, кафедралар ұсынатын оқу әдебиетіне деген тапсырыс негізінде жүргізіледі.

Кітапхана қорының жинақталуында университеттің профессор-оқытушылар құрамы әзірлеген ғылыми еңбектер, монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар үлкен атқарады. Оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттің тапсырысын жинақтау барысында түрлі критерийлер, оның ішінде дана саны да ескеріледі. Бір студентке есептеп алынады: бағыт пен мамандықтар, пәндер айналымы, оқу түрі мен формалары, компонент деңгейі бойынша.

Жыл бойы 5000-нан 10000-ға дейін әдебиет данасы, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мерзімді басылымдар алынады. Сонымен қатар, диссертациялар,  авторефераттар сақтауға қабылданады. Жеткілікті әдебиет қоры мамандардың тиімді даярлау негіздерінің бірі, оның ең маңызды ресурсы болып табылады. 

Кітапхана көрсететін қызмет:  

- басылып шығарылуға дайындалған ғылыми, оқу басылымдары мен мақалаларын (УДК, ББК) индекстеу. 

210520191204_4.jpeg

210520191204_1.jpg