Skip to main content
x

Ақпараттық-библиографиялық бөлім

Кітапхананың анықтамалық-іздеу аппараты көп аспектілі іздестіруге мүмкіндік береді және оған дәстріл де, электронды да элементтер енеді. 1998 жылдан бастап, жаңа түсімдердің электронды каталогы жүргізіледі, «Авторефераттар, диссертациялар», «Әдебиеттің жаңа түсімі», «Университет оқытушыларының еңбектері», «Университет мерзімді басылым беттерінде» сияқты библиографиялық дерек көздері құрылады.  

Бүгінгі таңда қазақ, орыс және шет тілдеріндегі ЭК библиографиялық жазуларының жиынтық көлемі 95847-ден (520824 дана)артық.

Жаңа әдебиет туралы ақпаратты тарату мақсатында кітапхана сайтында жаңа кітаптардың виртуалды қарап шығуы безендіріледі.  

Кітапханың ақпараттық-библиографиялық қызметінде библиографиялық сілтегіштер, әдебиет тізімін құру есекше орын алады.  

«КМУ ғалымдары», «КМУ ғалымдарының еңбектері» топтамалырының библиографиялық сілтегіштері құрылады. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де өткізілетін «Шоқан оқулары» конференцияларының материалдарына қосымша сілтегіштер шығарылады. Қосымша сілтегіштер көп томды басылымдарға енгізілген материалды жедел іздестіру мақсатымен құрылған. Осы мақсатпен «КМУ Жаршысы» журналы мазмұнының сілтегіші» басып шығарамыз.  

Кітаптардың тұсау кесерлері өткізіледі. КМУ ғалымдарының еңбектерін насихаттау бойынша жұмыс жалғасып келеді. Жыл сайын өлкетану, салауатты өмір салты, мәдени мұра,экология, студенттер шығармашылығы тақырыптары бойынша 25-тен артық бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. 

Ш. Уәлиханов атындағы Ғылыми кітапханасы ведомствоға бағынысты құрылымдармен ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру және үйлестіру жұмысын жүргізеді. Ғылыми кітахана – Қазақстан Республикасы ЖОО кітапханалары қауымдастығының мүшесі. 

210520191204_5.jpeg

210520191025_3.JPG