Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Байманова Л.С. ДААД-тың (Германияның академиялық алмасу қызметі) Қазақстандағы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарасына қатысты. Осындай кездесулер ой, тәжірибе алмасу және өзекті мәселелерді шешуге арналған пікір-алмасу (диалог) алаңы болып табылады. Кафедраны ДААД-пен ондаған жылдар бойы студенттердің ғылыми тағылымдамадан өту және стипендиялық бағдарламалар аясындағы тығыз және жемісті серіктестігі байланыстырады.