Халықаралық ынтымақтастық, интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық орталығы келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:
- халықаралық ұйымдармен және оқу орындарымен өзара тиімді әріптестік байланыстарды дамыту
- университеттің халықаралық қызметін ұйымдық, техникалық және ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыздандыру
- білім алушылар, оқытушылар мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету
- ЖОО-аралық алмасулар мен байланыстарды жүзеге асыру
- шетелдердің жоғары білікті мамандарын университетке шақыру
- оқу, тағылымдамадан өтіп, тәжірибе алмасу үшін және біліктіліктерін арттыру үшін университет оқытушылары, магистранттар мен студенттерді шетелдерге жіберу
- еуропалық одақпен қаржыландырылатын жобаларды үйлестіру.