Skip to main content
x

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында оқытылатын семинар

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында оқытылатын семинар

 

2017 жылдағы ақпан айының 1 – 3 аралығында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде Эразмус+ бағдарламасының аясында «SARUD – тұрақты ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарды дамыту» жобасының оқыту семинары өтті.

  А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіндегі семинардың мақсаты – ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту аясындағы жаңа магистрлік бағдарламаларды ұсынатын жоо – әзірлеушілердің біліктілігін арттыру.

К. А. Тимирязев атындағы МАША – Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің (проф., ғ.д. Александр Мерзлов), Варшава жаратылыстану ғылымдары университетінің (проф. , ғ.д. Аксель Шверк), Прага қаласындағы Чехия жаратылыстану университетінің (проф. , ғ.д. Михаиль Лоштак), сондай – ақ SARUD жобасының үйлестірушісі, Хойенхайм неміс университетінің (проф., ғ.д. Мартин Дитрих) өкілдері Ресей және Еуропа сарапшылары кеңес берушілер ретінде қатысты.

Бұл шараға SARUD магистрлік жобасының жоо - әзірлеушілерінен келесі өкілдер қатысты: П. А. Столыпин атындағы ОмМАУ, Мичурин мемлекеттік аграрлық университеті, Филиппов атындағы Бурятия мемлекеттік ауылшаруашылық университеті, Новосібір мемлекеттік аграрлық университеті, С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ және Ш. Уәлиханов атындағы КМУ.

Семинар қатысушылары тұрақты даму аясындағы еуропалық және ресейлік сарапшылардың дәрістеріне қатысуға мүмкіндік алды. Қатысушыларға тұрақты ауылдық даму индикаторлары мен модельдері, сонымен қатар Еуропа мен Ресейдегі ауылдық аймақтарды дамытудың тәжірибелік мысалдары ұсынылды, осы саладағы тәжірибе мен туындаған мәселелер айқындалды.

Семинар аясында делегация мүшелері «Садчиковское» ЖШС кәсіпорынына барған және облыстық телеарнада сөз сөйлеген. Қонақтар аймақтық еңбек нарығының талдауы мен ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту аясында білікті мамандардың қажеттігі жайында айта кетті.

030920181607_1.jpg

030920181607_1.jpg

030920181607_1.jpg

030920181607_1.jpg