Skip to main content
x

Білім беру

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 2010 жылы Ұлы Хартияға (Болондық декларация) қол қойды. ЖОО әлемдік білім беру және ғылыми-ақпараттық жүйемен ықпалдасу стратегиясын жоспарлы  түрде құруда.   Университет серікітерінің арасында – түрлі әлем өңірлерінің елуден астам жетекші ғылыми орталықтары, ЖОО-ға шетелдік жетекші ғалымдары шақырылады.

Академиялық ұтқырлықты іске асыру мақсатында университет студенттері бір академиялық кезең бойы Қазақстан мен шетелдердің жетекші оқу орындарында білім алады. «Эразмус», «ДААД», «АЙРЕКС», «ЛОГО», «ТЕМПУС» халықаралық алмасу бағдарламалары, Президенттік «Болашак» бағдарламасының және т.б. шеңберінде университеттің студенттері мен оқытушылары Австрия, Швейцария, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Ресейдің ЖОО-да оқып, тағылымдамадан өтеді. Университет іске асырылып жатқан еуропалық жобалардың саны бойынша Қазақстанның ЖОО арасында 4-ші орынға ие.

2009 жылы алдыңғы қатарлы заманауи технологияларды кәсіби салада тиімді қолданғаны, айрықша, озық шешімдерді әзірлегені және енгізгені үшін «XXI жүзжылдықтың көшбасшысы» бағдарламасы аясында «Мыңжылдық» халықаралық марапатын иеленді. 2015 жылы университет Еуропалық қауымдастығына және Еуразиялық университеттер  қауымдастығына енді. Бүгінгі таңда Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетімен бірлесіп, магистратураның екідипломды білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Жоғары оқу орны үшін университеттің педагогикалық кадры әрдайым құнды болып қала бермек. Университет кафедраларында 300 астам оқытушы еңбек етіп келеді. Олардың 22 ғылым докторы, 94-і ғылым кандидаты және РҺD-докторы, 37-і Қазақстан Республикасының «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері. Кадрлық құрам «Болашақ» бағдарламасы, магистратура мен докторантура  түлектерімен жаңартылады. Қазір университетте оқып жатқан 9 докторант пен 196 магистранттың көбі біздің түлектер. Бұл оқытушылар құрамының сарқылмайтын шығармашылық шабыты мен жоғары кәсіби шеберлігін көрсетеді.

Университетте ҚР ШҒА төрт академигі, біреуі – Халықаралық ақпараттандыру академиясы, біреуі – Ұлттық академия, ҚР академиясы мен халықаралық академияның үш корреспондент мүшесі жұмыс істейді. Университеттің он бір қызметкері «ҚР білім және ғылым саласының құрметті қызметкері», «ҚР еңбегі сіңген қызметкер» атақтарына ие, жиырма оқытушы мемлекеттік ордендары, медалдарымен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрмет белгілерімен марапатталды, үш оқытушысы Қазақстанның жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамының «ТОП-50» тәуелсіз рейтингісіне енді.

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ кітапханасында 700 мың бірліктен астам ғылыми және оқу-әдістемелік басылымдардың атауы бар. Университеттің жеке баспаханасында  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің хабаршысы. Филологиялық топтама» ғылыми журналы және «Шоқан оқулары» ғылыми еңбектер жинағы, университеттің «Алау» газеті ай сайын шығарылады.

Университеттің материалдық-техникалық базасы жылдан жылға жаңартылып, нығаюда. Қазіргі уақытта университет құрамында төрт оқу ғимараты, бес интернет-кафе, сегіз оқу залы, үш мұражай, компьютерлік және мультимедиялық сыныптар бар. Студенттердің теориялық білімін бекітуге және тереңдету мақсатында ашылған «Элит» оқу-ғылыми-өндірістік кешені барлық қажетті ауыл шаруашылығы техникасымен толық жабдықталған. Онда дәнді және майлы дақылдардың (бидай, арпа, сұлу, жүгері, күнбағыс, көп жылғы шөптер және т.б.) өңірдің табиғи жағдайларына бейімделуі бойынша ғылыми жұмыс жүргізіледі.

Университетте білім алушылардың оқудағы жетістіктерін университет тарапынан да, ата-аналар тарапынан да қадағалауды қамтамасыз ететін кіруді бақылау және ақпараттың қолжетімділігін басқаратын лицензияланған заманауи  электронды жүйе жұмыс істейді.

Оқытушылар мен студенттерге арналған медициналық пункт, «Арасан» профилакторийі, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, жаттығу залы, баскетбол, волейбол, күрес залы, көркем гимнастика залы, 2 спорт залынан тұратын заманауи спорт базасы, Зеренді демалыс аймағының орманды алқабында орналасқан «Тұлпар» спорт-сауықтыру лагері бар, спорт секциялары жұмыс істейді. Университет студенттері облыстық, республикалық және халықаралық турнирлер, Ақмола облысы әкімінің жүлдесіне студенттік спартакиадаларға қатысып, спорт түрлері бойынша универсиадалар, Еуропа, Азия, әлем чемпионатының жеңімпаздары және жүлдегерлері атанады.

Ш.Уәлиханов атындағы  КМУ оқытушылары, түлектерінің жоғары кәсіби шеберлігі, білімдарлығы, ұтқырлығының және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігінің арқасында Қазақстан Республикасының ЖОО-ның ұлттық рейтингісінде алдыңғы орынға ие. Университет республиканың рухани және зияткерлік өмір орталығының біреуі  болып табылады.

Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті - өзінің қалыптасқан салт-дәстүрлері бар, әлеуеті зор және болашаққа деген маңызды жоспарлары бар заманауи, қарқынды дамушы жоғары оқу орны.