Skip to main content
x

Білім беру бағдарламаларын аккредитациялау

Университет 1996 жылы 23 мамырда  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты, С.Сәдуақасов атындағы ауыл шаруашылығы институты және Қарағанды политехникалық институтының филиалы сияқты үш жоғары оқу орнының негізінде құрылды. 

Өзінің алғашқы күндерінен-ақ біздің ЖОО оқу үдерісін үздіксіз жаңғырту бойынша жұмысқа  белсене ааласты:  республикада алғашқылардың бірі болып үш деңгейлі оқу жүйесін енгізді; 1998 жылы КМУ-де магистратура ашылды; 2000 жылдан бастап ЖОО оқу-әдістемелік жұмыстың тиімділігін бағалаудың рейтингілік жүйесіне көшті; 2004 жылдан бастап сапа менеджменті жүйесі енгізіле бастады.  

Бүгінде Ш.Уәлиханов атындағы КМУ ИСО халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне сертификатталды, бакалавриат пен магистратураның  алпыс білім беру бағдарламасы бес жыл мерзімге аккредиттелді, алты білім беру бағдарламасы халықаралық аккредиттеуден өтті.