Skip to main content
x

Cтуденттік өзін-өзі басқару

Cтуденттік өзін-өзі басқару – Қазақстан Республикасындағы студенттердің қоғамдық қозғалысын шоғырландыру, студенттердің проблемаларын шешу мақсатында өткізілетін мемлекеттік      жастар саясаты нысандарының бірі; ЖОО студенттерінің студенттік өмір сапасын арттыру жөніндегі мәселелерді бірлесе шешу мақсатындағы бірлестігі.
Cтуденттік өзін-өзі басқару өз өмірін қоғам және мемлекет өмірімен байланыстыратын, болып жатқан процестер үшін жауап беретін белсенді азамат тәрбиесі дегенді білдіреді.     
ЖОО-ғы студенттер мен университет басшылығы арасын байланыстырушы буын болып табылатын бастамашыл студенттер тобынан тұратын Жастар ісі жөніндегі комитет Студенттік өзін-өзі басқару органы болып табылады.