Skip to main content
x

Докторантура

         Докторантура - біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау бөлімі. 

      Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар, ғылым кандидаты дипломы бар, ауқымды  ғылыми мәселелерді шеше алатын, іргелі немесе қолданбалы зерттеулерді жоғары деңгейде өткізуге қабілетті, өзін келешегі зор ғылыми және ғылыми-педагог қызметкер ретінде көрсеткен, тиісті мамандық бейіні бойынша ғылыми жетістіктері бар тұлғалар конкурс негізінде  қабылданады.  

      Докторантураға оқуға түсетін тұлғалар аспирантура түлектері үшін белгіленген бағдарлама көлемінде шет тілдерінің бірінен тестілеу түрінде түсу емтиханын тапсырады. Медициналық мамандықтар бойынша резидентураны бітірген және кем дегенде 3 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар үшін осы мамандық бойынша кандидаттық минимум көлеміндегі арнайы пән бойынша емтихан  жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың қабылдау комиссияларымен өткізіледі. 

        PhD докторантураның білім беру бағдарламасы – мамандарды даярлаудың бірыңғай кредиттік оқыту жүйесі бойынша іске асырылатын  “бакалавр – магистр — философия докторы ” үш деңгейлі  жүйесіндегі кәсіптік білім берудің қорытынды сатысы.

       PhD докторантураның білім беру бағдарламасының мақсаты – отандық, сондай-ақ әлемдік еңбек нарығында талап ететін бәсекеге қабілетті, жоғары білікті ғылыми мамандар даярлауды жүзеге асыру. 

         Бүгінде Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де  дайындық келесі мамандықтар бойынша іске асырылады:

 

      Білім беру бағдарламаларының каталогы: