Skip to main content
x

Докторантураға қабылдау

Докторантура –  білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD бойынша доктор) дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

Магистранттар мен докторанттарға дәрістерді шетелдік ғалымдар оқиды. Университеттің халықаралық байланыстарының арқасында магистранттар ғылыми тағылымдамаларға міндетті түрде шетелдердің жоғары оқу орындарына барады. 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында магистрлерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты жыл сайын арттыру көзделген.

Магистратураға/докторантураға қабылдау  жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Магистратураға / докторантураға түсуші адамдар түсу емтихандарын :
⦁    таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, неміс , француз);
⦁     мамандық бойынша тапсырады.

Магистрантта/докторантта магистратураның/докторантураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламаларын игеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы керек. Пререквизиттер болмаған жағдайда оларды ақылы негізде игеруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда оқу пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады, бұл үшін университет жазғы семестрді ұйымдастырады.

Магистратураға/докторантураға түсуші тұлғаларды қабылдау тәртібі

Магистратураға түсу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Ұйым басшысының атына өтініш;
  2. Жоғары білім туралы құжаттардың нотариалды түрде расталған көшірмелері;
  3. Кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы;
  4. Еңбек кітапшасының  нотариалды түрде расталған көшірмесі  (болған жағдайда);
  5. 3x4 өлшемдегі алты фотосурет;
  6. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  7. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  8. Ғылыми жарияланымдар мен  ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).
  9. Шет тілінен тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек (түпнұсқа);
  10. Файлды қағаз тігетін папка;
  11. Конверт (диплом пішіні бойынша), 3 файл.
  12. Ақылы негізде түсуші тұлғалар үшін  магистратураға қабылдау барысында – келісімшарттың жасалуына және оқу ақысын төлеуге кепілдік беретін хат.

Шет тілінен емтихан Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де өткізіледі. Магистратураға түсу емтихандары 10-20 тамыз аралығында өткізіледі, қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КМУ  МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ
Докторантура

  • 6D010900 Математика
  • 6D020300 Тарих
  • 6D020500 Филология
  • 6D011900 Шет тілі: екі шет тілі
  • 6D080100Агрономия
  • 6D060800 Экология

Жиі қойылатын сұрақтар
Магистратураға түсу үшін құжаттар қабылдау қашан басталады?

Магистратураға түсетін адамдардан өтініштер қабылдау 20 маусымнан 20 шілде аралығында  жүргізіледі. Азаматтарды магистратураға қабылдау  түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүргізіледі.
 


Магистратураға құжаттар тапсыру шарттары қандай? Түсу емтихандары қандай түрде және қашан болады?

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің магистратурасына қабылдау ережесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2008 жылдың 1 сәуіріндегі № 161 бұйрығымен  (2011 жылдың 30 мамырында енгізілген №224 түзетулерімен) бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына» сәйкес әзірленген.

Өтініштерді қабылдау 20 маусымнан 20 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Бұл қағидаларға сәйкес, магистратураға түсуші азаматтар келесі түсу емтихандарын тапсырады:
1)    бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс);
2)     мамандық бойынша.
Шетел, қазақ, орыс тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен әзірленген  технологиялар бойынша тапсырылады. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді.


Түсу емтихандары 1-20 тамыз аралығында өткізіледі, қабылдау 31 тамызға дейін жүзеге асырылады.


Шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғалар  үшін Ш.Уәлиханов атындағы КМУ магистратурасына түсу ережелері қандай?

Басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын қазақ ұлтының тұлғалары Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де жоғары ғылыми-педагогикалық білім алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім ала алады (егер де олар білімнің осындай деңгейін біздің елде алғаш рет алатын болса).
Басқа шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттар мен келісімдер, сонымен қатар университетпен жасалған шарттар мен келісімдер бойынша Ш.Уәлиханов атындағы КМУ магистратурасына оқуға қабылданады.
 
Шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) International English Language Tests System (IELTS) бағдарламалары бойынша тест тапсырғандығын  растайтын сертификаттың иегері болып табылатын үміткер магистратураға түсу кезінде шет тілінен түсу емтихандарынан босатылады ма?
Шет тілінен тапсырылатын емтихан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Бұйрығына сәйкес шет тілдерінен тест тапсырғандығы туралы сертификаты бар және Бұйрықта айқындалған шектік деңгейді жинаған  тұлғалар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен әзірленген  технологиялар бойынша шет тілінен түсу емтиханынан босатылады.

Test of English as a Foreign Language (TOEFL, шекті балл – кемінде 560), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0), Grundbaustein DaF (шекті балл – С 1) және Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл – С 1), Diplome d’Etudes en Langue francaise (DELF, шекті балл – В 2), Diplome Approfondi de Langue аrancaise (DALF, шекті балл – С 1) Test de connaisances de francais (TCF, шекті балл – кемінде 400) бағдарламалары бойынша шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) тест тапсырғандығы туралы расталған сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға түсу кезінде шет тілінен түсу емтихандарынан босатылады.


Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де магистранттарды оқуға қабылдау қалай жүзеге асырылады?

Магистранттар қатарына қабылдау Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асырылады.  Магистранттарды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау түсу емтихандарының қосындысында шет тілі және мамандық бойынша кемінде 8 балл (әр пән бойынша білімді бағалаудың 4 баллдық шкаласы бойынша) жинаған тұлғалар жіберіледі.