Skip to main content
x

«Думан» АОПО

«Ақмола облысының «Думан» педагогикалық жасағы»

«Ақмола облысының «Думан» педагогикалық жасағы» қоғамдық бірлестігінің негізі 2015 жылдың ақпанында  педагогикалық мамандықтардың студенттері Бекешев Сұлтанбек Евгенийұлы, Сафина Ляйсан Джалильевна, Балақаев Ақжол Талғатбекұлымен және «Феникс» еріктілер орталығының белсенділерімен салынған. Ұйымның негізін қалау сәтінде «Нұр Отан» Ақмола облыстық партиясы атынан Бекмағанбетов Ғалым Мадешұлы, әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы кафедрасы атынан филология ғылымдарының кандидаты Шаяхметова Айсұлу Әлкешқызы, сондай-ақ Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы атынан директор Бегалина Гүлім Тұяққызы үлкен қолдау танытты.
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы кафедрасы тәлімгерлер үшін педагогикалық тұрғыдан мықты тұғырнама болып табылды. Түрлі дәрежедегі 40 тәлімгер дайындықтан өтті. 2015 жылдың жазында балалар  «Заря» БСЛ, «Самұрық» ДСО сияқты балалардың жазғы сауықтыру лагерлерінде жазғы ауысымын өткізді.  
Өзінің негізін қалаған күнінен бастап күні бүгінге дейін бірлестік қаламыздың қоғамдық өміріне белсенді қатысушылардың бірі болып табылады. «Аула алаңы» жобасы «Думан» педагогикалық жасағының үш жыл бойындағы өзіндік бір ерекшелігі болып табылады. Демалыс уақытында тәлімгерлер және еріктілердің күшімен қаламыздың барлық аудандарында түрлі ойындар, викториналар, қойылымдар ұйымдастырылады. Осы жобаны іске асыру барысында Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы мен қалалық және облыстық мәслихат депутаттары балаларға сыйлықтар мен жүлделер алып беріп,  үлкен көмек көрсетті.
Қазіргі уақытта «Думан» келесі ұйымдармен белсенді ынтымақтастық орнатқан:

  • Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығымен,
  • Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы кафедрасымен,
  • «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалымен,
  • Медициналық-әлеуметтік мекемесімен,
  • Қазақ-түрік орталығымен,
  • Қазақстан халқы ассамблеясымен,
  • «Шипагер» жастар денсаулық орталығымен,
  • «Тәлімгер» даму мектебімен (Астана қ.),
  • «Жігер» бірлескен тәлімгерлер қауымдастығымен (Астана қ.),
  • «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының Ақмола облыстық филиалымен.


2016 жылы «Самұрық» сауықтыру базасында «Тәлімгерлік шеберлік мектебі» ұйымдастырылып, оған 90 адам қатысты, атап айтсақ:   
 Ш. Уәлиханов атындағы КМУ педагогикалық мамандықтарының студенттері,
 «ЕАЙГИ» колледжінің педагогикалық мамандықтарының студенттері (Астана қ.),
 «Думан» педагогикалық жасағының тәжірибеден өтушілері,
«Тәлімгер» даму мектебінің тәлімгерлері (Астана қ.),
«Жігер» бірлескен тәлімгерлер қауымдастығының  тәлімгерлері (Астана қ.),
Студенттер мен тәлімгерлер үш күн бойы тәлімгерлік шеберліктің практикалық және теориялық  курстарынан өтті. Курс аяқталғаннан соң барлық қатысушыларға тиісті сертификаттар табысталды.
Қазіргі кезеңде бірлестігіміздің тәлімгерлері төмендегідей лагерлерде ауысымдарын өткізді:
 «Сұңкар» сауықтыру кешені,
 «Заря» балалар сауықтыру лагері,
 «Лесная Сказка» балалар сауықтыру лагері,
«Звездный» балалар сауықтыру орталығы,
 «Самұрық» балалар сауықтыру орталығы.
Бүгінде педагогикалық жасақ құрамына 3 құрылымдық бөлімше енген:
«Феникс» еріктілер орталығы,  мақсаты – Ақмола облысы бойынша еріктілер қозғалысын алға бастыру және дамыту;
Көкшетау жас ғалымдарының қауымдастығы – мектеп оқушылары мен студенттерінен тұратын  бастамашыл жастарды  қолдау, ғылыми жобаларды әзірлеу және ілгері бастыру;
продюсерлік орталық – Ақмола облысының дарынды жастарын дамыту, креативтік пайымдау, өзіндік тректерін жазу, жаңа шоу-концерттер өткізу,би, вокал, диджей мектептерін ашу.  «Думан» АОПЖ негізгі мақсаты –  белсенді өмірлік ұстанымы бар сапалы мамандарды қалыптастыру, Отанымыздың нағыз патриоттарын тәрбиелеу.
 «Думан» АОПЖ: «Біз ынтымақтастық пен достық қарым-қатынас орнатуға әрдайым дайынбыз!»