Skip to main content
x

электрондық оқу залы

Кітапханада бар құжаттар туралы ақпараттың аспектті іздеуін қамтамасыз ететін электронды кітапхана ақпараттық-іздеу жүйесінің негізі болып табылады. 2019 жылы электронды каталогтың көлемі  97086 библиографиялық жазуды (524916 дананы) құрады. Электронды каталог – баспа каталогына ұқсас, бірақ іздеу мүмкіндіктері зор кітапхананың ажырамас бөлігі. 

Электронды және магнитті тасымалдағыштардағы қор электронды тасымалдағыштардың 4777 данасынан және электронды оқулықтар, қол жетімділігі төмен және сирек кездесетін монографиялар мен оқу құралдарынан, біздің университетте құрылған толық мәтінді дерек көздерден тұрады.  

Электронды тасымалдағыштардағы оқулықтар мен оқу құралдары

Барлық электронды кітап саны 4777

Оның ішінде қазақ тілінде 1530

Оның ішінде орыс тілінде 2948

Оның ішінде ағылшын тілінде 299

 

        Электронды кітапханаға «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Жаршысының» электронды көшірмелері, университет ғалымдары мен оқытушылары әзірлеген оқу-әдістемелік кешендер, электронды оқу және оқу-әдістемелік құралдар енгізіледі.

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ оқытушыларының электронды тасымалдағыштардағы оқулықтары мен оқу құралдары:  

Барлық электронды кітап саны 2052

Оның ішінде қазақ тілінде 764

Оның ішінде орыс тілінде 1130

Оның ішінде ағылшын тілінде 158

 

Авторефераттардың жалпы саны 1300 бірлікті, диссертациялар 62 бірлікті құрайды. Сипатталған мақалалар саны - 25945.

«Электронды каталог» бөлімі келесі қызметтерді көрсетеді:

Кітапты авторы, атауы, негізгі сөзі, ОӘЖ, КБЖ, басылу жылы бойынша іздеу;  

Библиографиялық сипаттамалар, электронды ресурстарды қарап шығу; 

Оқу әдебиеті мен ғылыми мақалалардың толық мәтіндерін қарап шығу және оқу; 

Кітапхана web-сайты kgu.kz/biblioteka мекен-жайы бойынша қолжетімді.

 

Сайттың басты бетіндегі электронды ресурстар бөлімінде Республикалық ЖОО аралық электронды кітапхананың www.rmebrk.kz,                Қазақстандық ұлттық электронды кітапхананың ДҚ www.kazneb. kz., ірі шетелдік Springelink www.Springerlink.com және Thomson Reuters www.webofknowledge.com ДК, СМИ-Polpred басылымдар порталы, сондай-ақ «Лань» баспасының ДҚ орналасқан.

Тегін ДҚ: SciGuide , Bulgarian Digital Mathematics Library (BulDML) , PQDT OPEN , Open Access Theses and Dissertations , EU Bookshop , Directory of Open Access Books (DOAB) ,OpenEdition , «КиберЛенинк» ғылыми электронды кітапханасы , Electronic Journals Library ,Project Euclid Journals Free , Әділет.

Осы каталогтарда табылған кітаптар жүктеу үшін қолжетімді.

210520191204_2.jpg

210520191122_1.JPG