Skip to main content
x

Erasmus+

Erasmus+ -  бұл Еуропалық Одақтың 2014 жылдан 2020 жылға дейінгі кезең аралығында әрекет ететін  білім беру, оқыту, спорт және жастар саясаты жаңа бағдарламасы
Бұл бағдарлама  көрсетілген салалардағы еуропалық бағдарламалардың 25 жылдан астам жетістіктеріне негізделген және ішкі-еуропалық, сондай-ақ халықаралық жобаларды да қамтиды.  
Эразмус+ бағдарламасы білім беру және оқыту жүйелерін жаңғырту және тұрақты дамытуға, жастар саясаты және спортты дамытуға қолдау танытуға, сонымен қатар дағдыларды жетілдіруге және, осылайша, адамдарды жұмыспен қамту мүмкіндігін жақсартуға бағытталған. Жаңа бағдарлама адам әлеуетін дамытуға салынатын инвестициялар көлемін айтарлықтай арттыруды көздейді.
Ол жаңа атаумен 2007-2013 жылдары әрекет еткен бірқатар бағдарламаларды бірыңғай біріктірілген бағдарламаға жинақтады, атап айтсақ, Өмір Бойы Білім Алу Бағдарламасы (Эразмус, Леонардо да Винчи, Комениус және Грюндтвиг), Әрекет етуші жастар, бес халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары (Эразмус Мундус, Темпус, Альфа, Едюлинк және өнеркәсіптік дамыған елдермен ынтымақтастық бағдарламасы). Еуропалық Одақтың негізгі бастамаларын осылай бүтін бір бағдарламаға біріктіру Бағдарламаның құрылымын оңтайландыруға және де әрі қарай грантқа өтінімдер беру үдерісін жеңілдетуге, қаржы құралдарын тиімді пайдалануды арттыруға, әрекет етіп жатқан бағдарламалардың қайталануын азайтуға және бөлектенуін болдырмауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның халықаралық өлшемі (яғни Серіктес Елдермен әріптестігі) жастар саясаты  саласындағы ынтымақтастық мүмкіндігі арқылы да жоғары білімге басым бағыт береді. Жоғары білім беруде екі Әрекет (Бірлескен магистрлік дәреже алу және Жан Моне бағдарламасы) Еуроодақтың ішкі бюджетінен қаржыландырылады. Басқа екі Әрекет (кредиттік ұтқырлық  және әлеуетті арттыру) сыртқы ынтымақтастықты дамыту қорынан қаржыландырылады.