Skip to main content
x

Erasmus+ KA1

Негізгі әрекет 1
Оқу ұтқырлығы


1.    Кредиттік ұтқырлық: көпшілікке мәлім Erasmus+ бағдарламасы  еуропалық емес елдердің университтері, студенттер мен оқытушылар үшін қолжетімді. Erasmus+ кредиттік ұтқырлықты, яғни студенттердің 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімдегі ұтқырлығы (екіжақты) қаржыландырады. Міндетті ереже – қабылдаушы ЖОО-нда алынған кредиттік бірліктер өзінің ЖОО-да танылуы және есептелуі тиіс. Еуропалық азаматтар әлемнің кез келген ЖОО-да оқу немесе сабақ беруді таңдау құқығына ие болады, ал еуропалық емес студенттер мен оқытушылар Еуропада білім алып, сабақ бере алады және тағылымдамадан өту, яғни Еуропа елдері мен одан тыс жерлерде  білім беру және оқыту секторларының барлық өкілдеріне арналған  білім, оқыту және біліктілігін арттыру мүмкіндіктеріне ие болады. Оқытушылар құрамының өкілдері өз университеттерінде өзгерістердің жол көрсетушісі ретінде қарастырылады.
Стипендиялар 1 Бағдарлама елдері мен Серіктес елдердің ЖОО арасындағы ЖОО аралық келісімдер негізінде бөлінеді. Бұл Әрекет орталықсыздандырылған: оны басқару  Бағдарлама елдеріндегі Ұлттық агенттік желісіне жүктелген. Бірақ тек Бағдарлама елдеріндегі ЖОО ғана консорциум атынан өз елінің Ұлттық Агенттігіне өтінім бере алады.

___________

(1) 1Бағдарлама елдеріне ЕО 28 мүше елі, сондай-ақ Норвегия, Исландия, Лихтенштейн, Түркия және бұрынғы Югославия Республикасы Македония жатады, яғни бағдарламаны қаржыландыруға өз үлестерін қосатын  және бағдарламаны басқару үшін Ұлттық Агенттігі бар барлық елдер жатады.  Серіктес елдерге әлемнің бар қалған елдері жатады.
2.    Дәреже алуға арналған ұтқырлық:  еуропалық және – ішінара – еуропалық емес ЖОО  консорциумдарымен жоғары сапалы магистрлік бағдарламалар ұсынылады. Бұл Erasmus Mundus бағдарламасы I Әрекетінің жалғасы, ол бүкіл әлем бойынша оған қатысатын университеттердің табыстылығын дәлелдеп, танымалдылығының артуына мүмкіндік  берді. Кез келген елдің студенттері мен оқытушылары магистрлік бағдарламалар бойынша оқуы үшін шәкіртақы ала алады. Студенттер  ЕО-тың кем дегенде екі мемлекетінде білім алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл Әрекетті басқару  Брюсселде Білім, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігімен (бұдан әрі - EAСEA) қамтамасыз етіледі.
Бұрын, ЕМ I Әрекеті аясында докторантура бағдарламасы (Erasmus Mundus Бірлескен Докторлық Дәрежесі) бойынша грант алуға мүмкіндік болатын. Жаңа бағдарламада  докторантура бағдарламасы Мари Склодовская-Кюри (Горизонт-2020) бағдарламасымен біріктірілген. Бұл Әрекет әлемнің кез келген елдерінің ЖОО үшін қолжетімді, бірақ тек Бағдарлама Елдерінің оқу орындары ғана консорциум атынан EAСEA өтінім бере алады.