Skip to main content
x

Erasmus+ KA2

2 Негізгі Әрекет
Инновациялар саласындағы ынтымақтастық және тәжірибе алмасу


Жоғары  білімдегі әлеуетті арттыру Tempus, Edulink және Alfa бағдарламалары аясында бұрын мүмкін болған іс-шараларды алмастырады. Яғни, бұрынғыдай, көпжақты әріптестікке негізделген және оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу мен жаңғыртуға, оқу-материалдық базаны жаңартуға, университетті басқаруды жетілдіруге, ЖОО мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Әрекетте ұлттық деңгейде ЖОО-мен қатар ұлттық басқару органдарын тарту арқылы жоғары білім беру жүйесіне ықпалды күшейтуге бағдарланған жобаларды қаржыландыру да көзделген.
Әрекетті басқару Білім, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігімен орталықтандырылып жүзеге асырылады. Әрекетке Еуропалық Көршілік (ENI) құралы, Сөз бастау құралы (IPA), Ынтымақтастықты дамыту құралы (DCI), Еуропалық даму қоры (EDF) сияқты құралдар шеңберінде қаржыландыру көзделген елдер қатыса алады. Қазақстанның қатысуын  Ынтымақтастықты дамыту құралы (DCI) қаржыландырады. ЕАСЕА-ға жобалық өтінімдерді Бағдарлама Елдерінің, сондай-ақ Әріптес Елдердің ЖОО бере алады.
2. Стратегиялық әріптестіктер және Білім Альянсы:
·    Стратегиялық әріптестіктер направлены кәсіпорындармен, зерттеу ұйымдарымен, әлеуметтік әріптестермен және т.б. институционалдық ынтымақтастықты нығайту негізінде ЖОО-ның инновациялық әлеуетін дасыту және сапасын арттыруға, ынталандыруға бағытталған.  Бұл бастама аясында оқу мен кадрлардың біліктілігін арттыруға арналған жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламаларды әзірлеу, жаңа технологиялар мен ресурстарды пайдалану қаржыландырылады. Әрекет әлемнің бар ЖОО үшін ашық, бірақ тек Бағдарлама Елдерінің оқу орындары ғана өздерінің Ұлттық Агенттігіне өтінім бере алады.
·    Білім Альянсы – ЖОО мен кәсіпорындар арасындағы ірі ауқымды ұзақ мерзімді ынтымақтастық. Олар кәсіпорындардың қажеттілігіне сай келетін мульти-пәндік  білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы креативтілікті дамытуға, білім беру жүйесі мен өндіріс арасындағы білім трансфертініне жағдай жасайды.
Әрекет әлемнің бар ЖОО үшін ашық, бірақ тек Бағдарлама Елдерінің оқу орындары ғана ЕАСЕА-ға өтінім бере алады.
Әріптес Елдердің университеттері Erasmus+ аясында, осындай қатысудан түсетін елеулі үлес жобада анық көрсетілган жағдайда, осы екі жаңа бастамаға қатыса алады.